Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Наурыз, 2017

1212

Кәріс музыкалық ұжымы

Көктемнің алғашқы күндері Көкшетау үшін Қоғамдық келісім сарайындағы шығармашылық кездесулермен басталды. Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің, кәріс мәдени орталығының қолдауымен Оңтүстік Кореядан келген «Sonagi Project» музыкалық ұжымы халықты өз шығармашылығымен таныстырды.

Іс-шара кәрістердің Қазақстан Республикасына қоныс аударып, өмір сүре бастағанына 80 жыл толуына байланысты және 2018 жылы Пхенчхан қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарын қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

Ерекше концерт көрермендерді Кореяның кәсіби орындаушыларының жанды музыкасы әлеміне жетелеп, ежелгі халық аспаптарында шебер орындалған туындыларымен таң қалдырды.

Барабан соғу мен саксафонда ойнаудың кәсіби байланысы, оған қоса әдемі ән көрермендерді немқұрайлы қалдырмай, шығармашылық ұжымның барлық үміттері ақталды.

Чан Дже Хе бастаған кәріс музыканттарының Ақмола облысының «Чинсон» кәріс мәдени орталығының «Мисо» шығармашылық ұжымына арнап өткізген шеберлік сабағы көкшетаулық музыканттарға алдағы уақытта ұрмалы аспаптарда, оған қоса дәстүрлі барабандарда кәсіби дәрежеде ойнау қабілетін игеруге көмек болатынына сенімдімін.

Кәріс музыканттары Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының грамоталары мен бағалы сыйлықтарына ие болғанына қуанышты екендерін жеткізді.

Осы мереке сыйлаған жарқын, жағымды эмоция көкшетаулықтардың жадында ұзақ қалатын болады.

 

Кейін қарай