
01 Наурыз, 2017
1889
Кәсіби емес медиаторлардың медиация рәсімдерін қолдануы
28 ақпанда СҚО ҚХА Медиация орталығы «Кәсіби емес медиаторлардың медиация рәсімдерін қолдануы» тақырыбында семинар өткізді. Медиаторлар Солтүстік Қазақстан облысы аудандары Қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары мен мүшелері семинар қатысушылары болды.
Медиация орталығының басшысы, кәсіби медиатор, заң ғылымдарының кандидаты Г.Н. Мұсабаева медиацияның жалпы курс материалдары бойынша дәріс өткізді. Ол медиация әлеміндегі жаңалықтарға тоқталды. Соның ішінде, Астана қаласында. 23-24 ақпанда Қазақстан халқы ассамблеясы Медиация кеңесінің қамқорлығымен «Қоғамдық келісімді қамтамасыз ету барысындағы медиацияның рөлі» атты Халықаралық пікірталас-форум өткізілгені туралы кеңінен айтып берді. Форумда Қазақстанда медиация институтын дамытудың өзекті мәселелері қозғалды. Бұл бағытта Федералдық медиация институтының басшысы, Ресей Федерациясы Ұлттық медиаторлар ұйымының президенті Ц.А. Шамликашвили, Еуропа кеңесінің өкілдері және т.б. мол тәжірибемен бөліскен.
Г.Н. Мұсабаева форумда өңірлерде медиаторларды оқыту және дайындау мәселесіне басты назар аударылғанын және бүгінгі семинар жаңа міндеттерді іске асыру жолындағы алғашқы қадамдардың бірі екендігін атап өтті.
СҚО ҚХА Медиация орталығының семинарына қатысушылар «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, медиация құралдарымен, медиация рәсімдерін өткізу кезеңдерімен танысты. Медиаторлардың жұмысында қолданылатын өтініш, келісім және басқа құжаттардың үлгісін алды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ медиация секторы әзірлеген медиация кабинеттерін рәсімдеу жөнінде ұсынымдар берілді.
Семинар барысында аудандық медиация кабинеттерінің өкілдері семинарға қатысушылардың сауалнамаларын толтырды, оның қорытындысы бойынша аудандарда 2011 жылдан бастап «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаннан кейін бірден кәсіби емес медиаторлардың жұмысты бастағандығы анықталды, бұл бастамада Тимирязев және Уәлиханов аудандары үлгі болды.
Семинар соңында сертификаттар табысталып, облыс аудандарында медиаторлар қызметін кеңейту бойынша міндеттер қойылды. Г.Н. Мұсабаева ең үздік медиаторлар осы жылдың екінші жартыжылдығында өтетін Медиаторлардың бірінші съезіне қатысатынын хабарлады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды
-
Қостанай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің мүшелері 2024 жылғы жұмысын қорытындылады
-
Этномедиация саласындағы өңіраралық тәжірибе алмасу: бірлік пен келісімді нығайту
-
ҚХА АЛМАТЫДА МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЕКІКҮНДІК СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
-
Этномедиацияның базалық негіздері
-
ҚХА «Елдесу және татуласу» жобасы аясында медиация семинар-тренингтер өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды
-
Қостанай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің мүшелері 2024 жылғы жұмысын қорытындылады
-
Этномедиация саласындағы өңіраралық тәжірибе алмасу: бірлік пен келісімді нығайту
-
ҚХА АЛМАТЫДА МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЕКІКҮНДІК СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
-
Этномедиацияның базалық негіздері
-
ҚХА «Елдесу және татуласу» жобасы аясында медиация семинар-тренингтер өтті