Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Қараша, 2023

182

ҚХА "АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ" ОТЫРЫСЫ: ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ НЫҒАЙТУДАҒЫ АҚСАҚАЛДАРДЫҢ РӨЛІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы «Ақсақалдар кеңесінің» отырысы болып өтті. Кеңестердің тиімділігі және олардың қоғамдық келісімді қамтамасыз етудегі рөлі секілді бірқатар мәселелер талқыланды.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚР Президентінің Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының» директоры Талғат Қалиев, сондай-ақ өңірлік «Ақсақалдар кеңесінің» төрағалары қатысты.


Пікір алмасу барысында қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі, әлеуметтік мәселелерді шешудегі ақсақалдар кеңестерінің маңызы атап өтілді. Сондай-ақ, олардың жергілікті жерлерде жұмыс жасауының оң тәжірибесіне ерекше назар аударылаты айтылды.


Кейін қарай