Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Желтоқсан, 2019

1266

ҚХА ауыр қайғыда қазақстандықтармен бірге

Қазақстан халқы Ассамблеясы Алматы маңындағы ұшақ апаты туралы ақпаратты зор күйзеліспен қабылдады.

Біз қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен қайғырып көңіл айтамыз.

Қиын сәтте сіздермен бірге болып, ауыр қайғыға ортақ екенімізді жеткізгіміз келеді.

Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына аман оралуына тілектеспіз.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Кейін қарай