Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Қазан, 2018

3996

ҚХА Кеңесінің Ұстаздар күнімен құттықтауы

ҚЫМБАТТЫ ҰСТАЗДАР! 

Кәсіби мереке — Мұғалім күніне орай шын ықыласты құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен сапалы білім негізінде қалыптасады.

Күшті білім беру жүйесі біздің еліміздің әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына енуінің кепілі болып табылады.

Жаңа цифрлық дәуір жағдайында адам сыни ойлау дағдысын, идеяларды жүзеге асыру қабілетін бойға сіңіріп, қол жеткен жетістіктермен тоқтап қалмауы керек. Осы міндеттер биігінен, мұғалімге, оның оқушы бойында білімге құштарлықты оята білуіне, қабілетін ашып, мамандық таңдауына көмектесуде ерекше міндет жүктеледі.

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мұғалімдердің қоғамдағы рөлі мен орнын атап көрсетіп, «Педагогтың мәртебесі туралы» Заңды әзірлеп, қабылдауды тапсырды.

Бұл заңның қабылдануы мамандықтың беделін арттырып қана қоймай, сонымен бірге біздің ұстаздарымыздың шығармашыл бастамасы мен жаңашылдығының дамуына ықпал ететін болады. 

Бүгінгі мерекелі күні Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі барша ұстаздарға игі еңбектері мен Қазақстанның білім беру саласының дамуына қосқан баға жетпес үлестері үшін ризашылығын білдіреді!

Сіздерге мықты денсаулық, отбасылық береке және жаңа еңбекте шығармашылық биіктер тілейміз!

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі

Дата события ассамблеи: 06.10.2018

Кейін қарай