Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Қараша, 2020

657

ҚХА мүшелері мен еріктілері экологиялық акцияға шықты

Маңғыстау облысының этномәдени бірлестіктері, Маңғыстау жастар орталығының еріктілері, сондай-ақ «Ақтау мейірімділік клубы» мен «Түпқараған қайырымды жандары» еріктілері экологиялық акция ұйымдастырды.

Олар Маңғыстаудағы Саура каньонын таңдап, түрлі қоқыс қалдықтарынан тазартты.


«Мен өз елімнің патриоты және азаматы ретінде біздің өңір тұрғындары мен туристерді әдемі өлкемізді қорғауға шақырамын. Осындай акциялар арқылы басқа да туристер мен қала тұрғындарын игі іс жасауға итермелейміз деп ойлаймын», - дейді акцияға қатысушы Мирослава.


Саура каньоны осы өңірдегі өзінің ерекше сұлулығымен саяхатшыларды көбірек тартатын орын. Өз кезегінде волонтерлік топ табиғатқа деген қамқорлықтарын жалғастыра бермек.

Кейін қарай