Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Қыркүйек, 2020

42369

ҚХА-ның Президент Жолдауына байланысты пікірлері

Жолдау жас отбасыларға үміт сыйлайды


Бұл Жолдаудың орны барлығымыз үшін ерекше. Мемлекет басшысы өз Жолдауында ана мен бала, отбасы жайлы, сондай-ақ балаларға зорлық көрсетуге қатысты қылмыстардың жазасы күшейтілетіндігі жөніндегі мәселелерге тоқталды. Еліміздің болашағы - жас ұрпақты қорғау, оларға дұрыс бағыт беру аға ұрпақтың жауапкершілігінде. Аналар кеңесінің төрайымы ретінде ұлт болашағы үшін отбасы мен бала тәрбиесінің рөлі мен үшін аса маңызды. Жолдауда айтылғандай, балаларға қатысты қылмыстардың жазасы күшейтіліп, қылмыскерлерге кешірім болмайды. Бұл баласы үшін уайым кешкен әрбір ата-ана үшін мықты қолдау болатынына сенімдімін.
Сондай ақ, тұрғын үй мәселесіне де басымдық берді. Бұл тапсырмалар алдағы уақытта орындалып, жаңа отбасыларға үміт сыйлайтыны қуантады.

Жанар Кенжеғалиева,
Қарағанды облысы ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы

Әлеуметтік кодекс елдің әлеуетін көтереді


«Медицина қызметкерлерін ынталандыру үшін 150 млрд теңге бөлінеді. Төсек қорын жаңартуға және медициналық жабдық сатып алуға тапсырыс берілді» деген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауындағы бұл мәлімдемесі медицина саласына басымдық берілетінін аңғартады. Коронавирустық инфекция пандемиясы медицинада назар аударылуы тиіс жаңа бағыттарды айқындап берді. Осы жағдай өз шешімін табуды талап ететін мәселелерді көрсетті. Енді ғана ауыздықталып жатқан ауыр індетпен күресте медицинаға үлкен жауапкершілік артылды.
Қоғам иммунитетінің мықты болуы үшін медицина саласына барынша қолдау көрсетілуі тиіс және Мемлекет басшысының стратегиясы осы бағытқа негізделген. Медицина қызметкерлерінің адал еңбегін бағалап, осындай қолдау көрсеткен Мемлекет басшысына ризашылығымыз шексіз.

Бүгінде біздің медицинаға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр деп нық сеніммен айта аламын. Жолдауда Үкіметке нақты тапсырмалар берілді. Елдің Әлеуметтік кодексін әзірлеуді тапсырды. Мемлекет басшысының атап өтуінше, қоғам еңбек құндылықтарын қабылдауын өзгертуі тиіс. Әсіресе, жастардың еңбекті бағалауына баса назар аударылды. Қорыта айтқанда, бүгінгі жолдауда біраз түйткілді мәселелер көтерілді деп ойлаймын. Біз медицина саласының жүгін көтеріп жүргендіктен, алдағы уақытта аянбай еңбек ететініміз анық. Жалпы, Мемлекет басшысының әлеуметтік сала қызметкерлеріне назар аударуы біз үшін қуанарлық жайт.


Ғұлам Умаров,
Тараз қалалық Өзбек этномәдени бірлестігінің өкілі

Жолдау – болашақты айқындайды


Жолдау дағдарыстан кейінгі кезеңдегі даму бағыттары мен басымдықтарын қамтиды. Жолдаудың негізі ел экономикасы мен әлеуметтік мәселелерге арналған, әрине әлеуметтік-экономикалық мәселелер әрқашанда негізгі сұрақтардың бірі болып табылатыны сөзсіз, сондықтан да отандастарымыздың әл-ауқаты мен тұрмыстық әлеуетін арттыруға және ел экономикасын дамытуға септігін тигізеді деген ойдамын.
Бұл жолғы Жолдау маңызды де күрделі деп есептеймін, елде болған пандемияға байланысты қиындықтар өте көп, оны шешу жолдары оңай емес, бұны жоғары деңгейде шешу үшін стратегиялық жоспарлар мен реформалар агенттігін құру бойынша тапсырма берілді, бұның өзі халық жағдайына қарасқан мәселе.
Расында да, Жолдаудың әр сөзі халыққа керекті мәселелерді қамтиды. Еліміздің тағдыры – біздің тағдырымыз, еңсесі биік, тұтқасы берік еліміздің алға қойған мақсаттары орындалсын деген тілек үстіндеміз.

Ж.Калиева,
Ақтөбе облысы бойынша Аналар Кеңесінің төрайымы

Бизнеске көрсетілетін қолдау қуантады


Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында Қазақстанның әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту үшін қабылдануы керек нақты шараларды атап көрсетті. Елімізді ғана емес, бүкіл әлемді жайлаған коронавирус індеті ел экономикасына өз зиянын тигізбей қоймады. Сондықтан да болар, Президент шағын және орта бизнеске берілетін барлық несиелер бойынша 6 пайызға дейінгі мөлшерлемені мемлекеттік субсидиялауды тапсырды.
Жолдауда халықтың әлеуметтік жағдайға қатысты үкіметке жұмыс берушілерді жалақы қорын көбейтуге ынталандыру мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды. Болашақта оң шешімін тауып орындалса, мұның халық үшін жағымды жаңалықтардың бірі болары анық. Себебі, меценат ретінде халық тұрмысымен етене жақын жандардың бірімін. Ел экономикасының дамуы қашанда қарапайым тұрғындардың әл-ауқатының өсуінен көрінеді. Ал тұрғындардың әлеуеті ең әуелі олардың табыс көлемінің артуына байланысты екені анық. Жолдау жүктеген міндетке сай алдағы уақытта бұл мәселе де біржақты болуы тиіс.
Президент Жолдауы шеңберінде алда атқарылар жұмыс көп, ол бойынша іс-шаралар жоспары жасалатыны да заңды. Мемлекетіміздің бүгінгі және алдағы уақытта атқаруға тиісті іс-әрекетіне бағдар ретінде ерекше ықыласпен қабылдаған Жолдауды мұқият тыңдап, ой елегінен өткіздім.
Мен Жолдауда көрсетілген шараларды толығымен қолдаймын!

Сембек Сейдазимов,
Жамбыл облысы ҚХА мүшесі


Біз бір мақсатқа жұмылуға тиіспіз


Жолдауда басты қозғалған тақырып - қазіргі қалыптасқан жағдайға байланысты қабылданған шешімдер болды. Перзидентіміз айтқандай, қазір еліміз күрделі кезеңдердің бірін бастан өткеріп отыр. Осындай сын-сағаттарда Президент елдің жұмылған жұдырық болуы тиіс екенін айтты.
Қ.Тоқаев қиын кезеңде өз қызметтеріне асқан жауапкершілікпен қараған азаматтарға алғысын білдірді. Олар - дәрігерлер, тәртіп сақшылары, ерікті азаматтар. Осының барлығы Отанға деген сүйіспеншіліктің белгісі екенін айта кеткеніміз жөн болар.
Сонымен қатар, дәл қазіргі таңда біз реформаларға тың серпін беруге тиіспіз. Жемқорлықпен күрес, азаматтарымыздың құқықтарын қорғауды бірінші орынға қою керектігі жайлы баса айтқаны әрбір қазақстандық үшін маңызды екені мәлім. Президентіміздің ауылшаруашылығын дамытудағы ұсыныстарын қолдаймыз. Себебі, ауыл шаруашылығының дамуы - біздің бәсекеге қабілетті ел болуымыздың бірден-бір кепілі.

САМАЛ САРСЕНБЕКОВА
Самал Сарсенбенкова,
Достық үйінің қазақ тілі редакторы



Жолдау жол көрсетті

Бүгінгі Президент Жолдауы нақты қай салада еңбек өнімділігін артыру керек екенін айқындап берді. Ең бастысы, ауылшаруашылығын қолға алу. Президент «жер шетелдіктерге сатылмайды» деді. Жалпы, агробизнесті қолдау мақсатында бұл салаға инвестиция тарту керек деді. Әрине, ауылшаруашылығында мамандар тапшылығы бар екені рас.
Президент сондай-ақ, жас ғалымдарды қолдау мақсатында қосымша 1000 грант бөлуді тапсырды. Ауылдық округ әкімдерін келесі жылдан бастап жергілікті халық сайлайды, бұл да қуанарлық жағдай. Заман талабы көрсетіп отыр, елімізде Қоғамдық мониторингті қолға алу керек. Жалпы бүгінгі Жолдау дағдарыстан алып шығатын айқын жолды нақты көрсетті деп ойлаймын.

ӘлфАРАБИ Мыңбай,
СҚО бойынша «Жаңғыру жолы» РЖҚ мүшесі


Кейін қарай