Қазақстан халқы Ассамблеясы

31 Қаңтар, 2024

113

ҚХА республикалық Аналар кеңесі ZOOM форматында отырыс өткізді

2024 жылғы 30 қаңтарда ҚХА республикалық Аналар кеңесі ZOOM форматында отырыс өткізді. Отырысқа өңірлік Аналар кеңесінің төрайымдары мен мүшелері қатысты.

Іс-шараның модераторы ҚР МАМ ЭҚДК "Қоғамдық келісім" РММ директоры Э.Масагутова болды, ол сондай-ақ өңірлердің "Қоғамдық келісім" КММ алдында ағымдағы жылға арналған Аналар кеңестерінің жұмыс істеу міндеттерін айқындады.


ҚХА республикалық Аналар кеңесінің Төрайымы Н. Шанай өз сөзінде Кеңестің өткен жылғы жұмысын қорытындылады және 2024 жылға арналған негізгі қызмет бағыттарына тоқталды. Сонымен қатар, ҚХА Аналар кеңесінің құрылғанына 10 жыл толуына байланысты ағымдағы жылға имидждік іс-шаралар, оның ішінде "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт"жобасын күшейту айтылды.

Отырыс барысында бірқатар өңірлік жобаларды масштабтау ұсынылды

Кейін қарай