Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Желтоқсан, 2022

291

ҚХА республикалық Медиация кеңесінің отырысы

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М.Әзілхановтың қатысуымен ҚХА республикалық Медиация кеңесінің отырысы өтті.

Жиында Мемлекет басшысының этномедиация институтын құруға қатысты тапсырмаларының орындалу барысы қарастырылды.

Бұл мәселелер мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, кәсіби және қоғамдық медиаторлар, сарапшылармен бірлесе кең ауқымда талқыланды.

Тұтастай алғанда, этномедиаторларды даярлаудың тиімді жүйесін құру және өздерінің қызметтік міндеттеріне байланысты әр түрлі жанжалды және даулы жағдайларды ескертетін және реттейтін адамдарды тиісті дағдыларға үйрету міндеті тұр. Осы бағытта белгілі бір жұмыс басталды.

Іс-шара барысында этномедиаторларды оқытуды ұйымдастырудың, тиісті оқу орталығын құрудың түрлі нұсқалары, сондай-ақ осыған орай басқа да тиісті мәселелер ұсынылып қаралды.

Кейін қарай