Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Желтоқсан, 2023

166

ҚХА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ М. ӘЗІЛХАНОВ ҚЫРҒЫЗ ЭМБ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

2023 жылғы 12 желтоқсанда Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың қырғыз этномәдени бірлестіктері өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Қайрат Баймульдинов, Астана қ. қырғыз ЭМБ төрағасы Шавкат Исмаилов, сондай-ақ өңірлердегі қырғыз этномәдени орталықтарының төрағалары мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері және ҚХА мүшелері қатысты.


Іс-шара барысында қатысушылар өңірлердегі қырғыз этномәдени бірлестіктерінің қызметін, Қазақстан қырғыздарының қауымдастығын құруға қатысты мәселелермен қатар, этносаралық келісімді одан әрі нығайту жөніндегі шараларды талқылады.


Кейін қарай