Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Ақпан, 2024

105

ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ БАЙҚОҢЫР ҚАЛАЛЫҚ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«Бәйтерек» ғарыш-инфрақұрылым мекемесінің ғимаратында ҚХА жанындағы Байқоңыр қалалық Ақсақалдар кеңесінің алғашқы отырысы өтті.

Кеңесте 2024 жылға арналған жылдық жұмыс жоспары бекітілді. Жыл бойы азаматтарының қалаға кіріп-шығуы, білім саласы бағытындағы өзекті мәселелер, медициналық әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары, қаланың әлеуметтік жағдайы және дамуы бойынша мәселелерін қарастыру жоспарланып отыр.

Кеңейтілген отырыстың қорытындысы бойынша Қармақшы ауданының «Құрметті азаматы» атағына Байқоңыр қалалық Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Кеулімжаев Тыныштыбай Ханибайұлы ұсынылды. Кеңес мүшелері бұл шешімді бірауыздан мақұлдады.

Кейін қарай