Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Қаңтар, 2016

929

ҚХР елшілігі қызметкерлерімен кездесу

 14 қаңтар күні Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығына Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің қызметкерлері: бас консулдың орынбасары Мяо Хунбо, елшіліктің өкілдері Чжан Сяоцин, Хуан Изян және Лю Цзя келді.

 Келген қонақтар Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының, Достық үйі және қытай этномәдени орталығының ұжымдарын жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Жұмыстарына табыс, сәттілік  тілей отырып,   облыстық «Күміс тамыр» қытай этномәдени орталығына бағалы сыйлықтарын тарту етті.

ҚХР елшілігінің қызметкерлеріне Достық үйі бойынша экскурсия жасалып, көрме ұйымдастырылды, содан кейін  мәжіліс залында  делегация мүшелері мен біздің өкілдермен еркін тілдесу жиынын өткізді. Кездесуді Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі  Ғ.Тұрсынбайұлы ашып, жиналған қауымға қонақтарды таныстырды. Сонымен қатар, кездесуге «Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығы» КММ директоры Ж. Сәдеков, облыстық «Күміс тамыр»  қытай этномәдени орталығының төрайымы Л.А.Мазова, Достық үйі мен хатшылық ұжымының  және аталмыш орталықтың жас өкілдері қатысты.

 Ғ.Тұрсынбайұлы өз сөзінде  қытай этномәдени орталығының ҚХА хатшылығымен біріге отырып жасаған жұмыстарын баяндап, алдағы  уақытта ынтымақтастықты нығайту бағытында атқарылатын жұмыс  жоспарларынан хабардар етті.

Қытай этномәдени бірлестігінің  төрайымы  ҚХР делегациясына игілік тілей отырып, олардың орталыққа көңіл бөлгендері үшін алғысын білдірді.

Мяо Хунбо мырза өз сөзінде облыстық ҚХА хатшылығына, Достық үйінің басшылығына, облыстық «Күміс тамыр» қытай этномәдени орталығының төрайымына  қонақжайлылықтары үшін алғыс айтты. Сонымен қатар,  ол алдағы уақытта Қазақстан мен Қытай арасындағы достық қарым-қатынасты  нығайту керектігін атап өтті.  

   

Кейін қарай