Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Қаңтар, 2017

886

КИЕЛІ ЕЛІМНІҢ РӘМІЗДЕРІ

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақтау қаласының «Келешек» колледжі студенттерінің қатысуымен «Киелі елімнің рәміздері» атты тақырыпта дөңгелек үстел жиынын өткізді.

Іс-шараға Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, қызметкерлері, Мұнайлы аудандық  «Азаматтық бастама» қоғамдық бірлестігінің жоба үйлестірушісі, этномәдени бірлестіктер төрағалары мен «Келешек» колледжінің студенттері қатысты. Жиынның мақсатыҚР рәміздерін ұлықтау, құрметтеу және бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған дана сөздері арқылы еліміздің рәміздерін қастерлеуге, жастарды ұлтжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылады.

Дөңгелек үстел жиыны Қазақстан Республикасының әнұранымен басталып, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Джайлханова Амангүл Әбдіғалиқызының сөзімен жалғасты. Ол мемлекеттік нышандар елдігімізді білдіретін, өзімізге ғана тән айрықша таңбалар екенін айтты.  «Дәл осы нышандар мұраттарға жеткізіп, рух беретін асыл қазынамыз болып табылады. Сондықтан да, нышандарымызды қастерлеп, қадір тұту әрқайсымыздың борышымыз», - дейді Амангүл Джайылханова.

Студенттер ҚР мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы, Әнұранның сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі туралы бейнематериалды тамашалады.

Мемлекеттік Әнұран – еліміздің музыкалық поэтикалық эмблемасы, әдеби сазды құжаты. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музыкалық сәлем хат іспеттес. Байрағымыздағы бiрыңғай көк түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Елтаңба мемлекеттің мәдени және  тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді. Осындай ақпараттармен таныстырған бейнематериалда рәміздердің авторлары туралы да мәліметтер айтылды.

Мұнайлы аудандық «Азаматтық бастама» қоғамдық бірлестігінің жоба үйлестірушісі Айтолған Тахирқызы Қожанова: «Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұрады. Қазақстанның келешегі жастардың қолында. Отанды қорғау мен сүю мемлекеттік нышандарымызды құрметтеуден басталады», - дейді.

Әрбір жас буын рәміздердің мемлекеттің қалыптасу процесіндегі рөлі мен мәнін терең түсініп, еліміздің мемлекеттік Туын, Елтаңбасын және Әнұранын қастерлеу рухында тәрбиеленіп, Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтемегені үшін жауапкершілікке тартылатынын сезініп, мемлекеттік нышандар туралы терең білімі болуға міндетті. 

Кейін қарай