Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Тамыз, 2022

897

Конституция күніне орай дөңгелек үстел өтті

2022-жылдың 27 тамыз күні Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыка мектебінде Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен - Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «дөңгелек үстел» мәжілісі өтті. Жиынды Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы - этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің басшысы Ерлан Керімбеков ашып, жүргізіп отырды.

Келелі жиынға Түркістан облысы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева мен мекеме қызметкерлері, Түркістан облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, Түркістан облысы ҚХА жанындағы құрылымдардың жетекшілері мен мүшелері, «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.


Ерлан Мәдібекұлы өз сөзінде қоғамның бүгіні мен болашағы үшін, жалпы алғанда Конституциямызды құрметтеп, қорғап және маңыздылығын жоғалтпай сақтауымыз біздің, яғни әрбір Қазақстан Респулбликасындағы азаматтың міндеті мен парызы екенін атап өтті.

Мәжілісте сөз алған Түркістан облысы Ардагерлер ұйымының төраға орынбасары, облыстық қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Есалы Нұржанов, Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Гүлмира Наурызбаева, Түркістан қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі Санжар Апсен, Түркістан қалалық «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің мүшесі Расим Каримов және «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық өкілдігінің мүшесі Дастон Абдалиев Конституцияның ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөліне тоқталып, мазмұнды ойларымен бөлісті.


Басқосу ары қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар Ата заңның маңыздылығы төңірегінде өзара пікір алмасты.

Іс-шара соңында мерейлі мерекеге орай өңірдің бірқатар азаматтары марапатталды. Оларға ҚХА Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісінің, облыс әкімінің және қоғамдық даму басқармасы басшысының Алғыс хаттары табысталды.


Кейін қарай