31 Тамыз, 2022
574
Конституция – кемел келешектің кепілі
Достық үйінде 30 тамыз – ҚР Конституциясы күніне орай «Конституция – кемел келешектің кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қызылорда облыстық Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ және Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің, ғылыми сарапшылық тобы, этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері мен белсенділері және дін, БАҚ өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – Ата заң баптарындағы руханият, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілі, қазақстандық патриотизмді одан әрі нығайту мәселелері бойынша ой пікірлерді ортаға салу болып табылады.
Шара модераторы «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов алғы сөзінде «Еліміздің Ата заңы уақыт сынынан сүрінбей өтті. Оның негізгі қағидалары барлық халықаралық стандарттарға сай келіп, қоғам мен мемлекетті дамытудың ең жетілдірілген үрдістерімен үйлесім тапты. Бүгінгі күні татулық пен бейбітшіліктің мекені болып табылатын кең байтақ елімізде жүздеген ұлттар тұрады. Олар достық туын жоғары көтере біліп, ел экономикасын өркендетуге орасан еңбек сіңіріп келеді», -деп айтып өтті.
Шарада «Конституция – мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Ақзада Мадалиева: «Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата заң – мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар көзіне айналғандығын»,- тілге тиек етті.
Ал «Ата заң – елдік тұғыры» тақырыбында «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы, философия ғылымдарының докторы Дәулет Омаров: «Халықта өткенді білмей, болашақты болжау қиын деген нақыл сөз бар. Конституция қабылданғаннан бергі уақыттағы тарихи өлшемдер біз үшін бүкіл өткен жолымызды таразылап, ой елегінен өткізуге толық мүмкіндік беретін белгілі бір үлкен кезең. Ширек ғасырлық тарихы бар ата Заңымыз кез келген құқықтық актіден жоғары тұратын басты Заң. Ол ұлттық саяси-құқықтық жүйенің өзегі, егемендіктің құқықтық негізі, ең жоғары заңдық күшке ие құжат»,- екендігін атап өтті.
Шара соңы пікір алмасуға ұласты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қарағандыда ҚХА 30 жылдығына арналған «Ақсақалдар тағылымы – адал қоғамның кепілі» салтанатты іс-шарасы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Конституция күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституция күнімен құттықтауы
-
«Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері үшін мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсыру тәртібін түсіндіру бойынша онлайн - семинар өтті
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы Күнімен!
-
Конституция күнін атап өтті
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
вчера, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
18 Маусым, 09:23
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қарағандыда ҚХА 30 жылдығына арналған «Ақсақалдар тағылымы – адал қоғамның кепілі» салтанатты іс-шарасы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Конституция күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституция күнімен құттықтауы
-
«Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері үшін мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсыру тәртібін түсіндіру бойынша онлайн - семинар өтті
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы Күнімен!
-
Конституция күнін атап өтті