Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Наурыз, 2017

985

Конституциялық реформаны талқылау қорытындыларына арналған Қоғамдық келісім кеңесінің форумы

Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының шешімімен 2017 жылдың 10 наурыз күні  конституциялық реформаның  талқылау қорытындыларын шығаруға арналған республикалық Бірыңғай күн ретінде бекітілді.

10 наурыз күні Достық үйінде  Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  ұйымдастыруымен  ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің форумы өтті.  Барлығы  150 адам қатысты.

Мақсаты -  ҚР Конституциясына өзгерістер еңгізу арқылы жүзеге асырылатын саяси реформалардың басты баптарымен таныстыру. 

Жиынға облыстық, аудандық Қоғамдық келісім және Аналар кеңестерінің басшылары мен мүшелері, облыстық ҚХА Ғылыми-сарапшылық тобының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің  басшылары мен мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты

Іс-шара модераторы Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Шәкірова Гульмира Мүслімқызы болды.

Жиын барысында Атырау мұнай және газ университетінің «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, профессор, тарих ғылымдарының кандидаты Нығыметов Болат Сырымұлы «Қабылданған конституциялық реформаның тарихи маңыздылығы»; Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі, Атырау мұнай және газ университетінің «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Өтелбаев Кәрім Тоқтарұлы «Конституциялық реформа – мемлекеттілікті дамытудың жаңа кезеңі» тақырыптарында баяндамалар оқып, қатысушыларға ҚР Конституциясына еңгізілген  өзгерістер туралы толық ақпарат берді.

Сонымен қатар Атырау мұнай және газ университеті ректорының кеңесшісі, облыстық ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы  Құлжанов Д.О.; «Новруз» әзербайджан этномәдени бірлестігінің төрағасы Ахмедов Э.М.; «Былина» орыс этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Биткова Р.А. Елбасының  ұсынған өзекті де орынды бастамалары халықтың қолдауына ие болғанын атап өтті.

Кейін қарай