Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Маусым, 2015

909

Купала

2015 жылдың 21 маусымы күні славян мәдениеті қоғамы, Достық үйі -қоғамдық келісім орталығы жазғы күн тоқырауына арналған халық мерекесін өткізуге қатысты. Славян мәдениеті  қоғамы бұл мерекені 2011 жылдан бері атап келеді. Ал осы жолғы мерекені «Каскад»  қоғамдық бірлестігімен және қаладағы басқада жастар қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, Өскемен қаласындағы Октябрьск кентіндегі демалыс аймағында өткізді.   Бұл күні әртүрлі қолөнермен айналысуға, этнографиялық және «Каскад» бірлестігінің және басқада шығармашылық ұжымдардың өнерлерін тамашалау мүмкіндігі болды. Сонымен бірге «Прялица», «Бастеньки», «Свиточ», «Перезвон», «Светлый путь», «Тримутри» шығармашылық ұжымдарының, ежелгіславян кейіпкерлерінің қатысуымен театрланған қойылым көрсетілді. Мереке соңында дәстүрлі мерекелік от жағылып, барлық қатысушылар отты айналып жүріп ән айтты, оттан секірді.

  

   

 

Кейін қарай