08 Тамыз, 2015
1227
Ұлттық дәстүр
Павлодарда облыстық Мұсылман әйелдері лигасының ұйытқы болуымен “Қымызмұрындық” мейрамы ұйымдастырылды. Қала ортасындағы сабақта биылғы жылы үшінші мәрте өткізілген ұлттық мерекені тамашалаушылар қатарында: қариялар, жастар, ұлттық мәдени орталықтардың өкілдері болды
Павлодарда облыстық Мұсылман әйелдері лигасының ұйытқы болуымен “Қымызмұрындық” мейрамы ұйымдастырылды. Қала ортасындағы сабақта биылғы жылы үшінші мәрте өткізілген ұлттық мерекені тамашалаушылар қатарында: қариялар, жастар, ұлттық мәдени орталықтардың өкілдері болды.
«Қымызмұрындықта» Ақсу қаласы мен ауылдық аймағы, Успен, Май, Павлодар және Качир аудандары киіз үйлер тігіп, ұлттық тағамдардан дастарқан жайды.
Мерекеге келген ақсулықтар пісірген ыстық бауырсақтан ауыз тиіп, әр киіз үйден, сондай-ақ «Сағып» шаруа қожалығы әзірлеген қымыздан дәм татты. Саябақтың қақ төріне тігілген Ақсу қаласының сән-салтанаты келіскен, іші-сырты жаңартылып, ою-өрнекпен көмкерілген сегіз қанат киіз үйі көпшіліктің назарын аударды. Қалаға қарасты М.Омаров атындағы ауыл, Құркөл, Жолқұдық, Еңбек ауылдары ұлттық тамақтың бар түрін әзірлеген екен. Май ауданы тіккен киіз үйдің жанына мұражайларындағы жәдігерлер мен шебер Құрман Тасыжанов жасаған қолөнер бұйымдарын қойыпты.
Әлбетте, қазақ дәстүрінде құлынды ерте байласа қатпа болып қалады деп есептеп, төл қарақұлақтанып, мал көкке тойып, топырақ қызып, тобылғы бүрлегеннен кейін ғана «Қымызмұрындық» жасаған. Сауыққой, қонақжай ел ертеде бұл мейрамды ел жайлаудан түскенше, тіпті тамыз айына дейін жалғастыратын болған.
- Біз «Қымызмұрындықты» жаз маусымының басында Баянауыл ауданында ұйымдастырдық. Ал бүгінгі мерекені көпшіліктің сұраумен өткізіп отырмыз, - дейді Мұсылман әйелдері лигасы облыстық филиалы қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақыт Максилова.
Сахна төріне Мұсылман әйелдері лигасының мүшелері – әжелер көтеріліп, бата беріп, көпшілікке қасиетті қымыздан дәм татырды. Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әшімбетов құттықтау сөз сөйлеп, тілек білдірді. Мерекеде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы құрметіне татулық пен ел бірлігін нығайтуға үлес қосып жүрген «Ару ана» вокалды тобының жетекшісі Асылбек Әбдікәрімов, Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің мұғалімі Әлия Апушева, сондай-ақ Қазақстан Мұсылман әйелдері лигасы облыстық филиалы қоғамдық бірлестігінің бір топ мүшесі Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының Құрмет грамотасымен, арнайы дипломмен марапатталды.
Мерекеде Павлодар қаласының әкімі Болат Бақауов, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Сейсенбай Жепісбаев, ҚР білім беру ісінің үздігі, «Парасат» орденінің иегері Зара Қожахметова, бұл күнде қымыз өндіріп, кәсібін дөңгелетіп, еңбегімен ел аузына іліккен «Сағып» шаруа қожалығының басшысы Төлеу Құшманова, т.б. көпшілікті қымызмұрындық мерекесімен құттықтады.
Қымызмұрындық ойын-сауықпен өтті. Жасөспірімдер арасында қазақша күрес, тоғызқұмалақ, асық ойындары ұйымдастырылды. «Шаңырақ сазы» вокалды ансамблі, «Томирис», «Жеңеше» би топтары, «Ару ана» ансамблі, Мәрия Әлиакпарова, «Жас қазақ» әнін домбырамен әуелете шырқаған Құралай Уақпаева, жезтаңдай әнші Әсел Ботаеваның өнері көпшілікті тәнті етті. Сондай-ақ, Успен ауданынан келген «Әжелер» вокалды тобы, Павлодар ауданынан, Ақсу мен Качир аудандарының өнерпаздары да жақсы өнер көрсетті.
Сая Молдайып, «Сарыарқа самалы» Павлодар облыстық газеті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде Өзбек ұлттық киімі күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорымен кездесу өткізді
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде Өзбек ұлттық киімі күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорымен кездесу өткізді