Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Шілде, 2022

1232

«Ұлттық домбыра күніне» арналған «Ән домбыра, жыр домбыра, күй домбыра» атты мерекелік іс-шара өтті

2022 жылғы 1 шілде күні республикалық Достық үйінде «Ұлттық домбыра күніне» арналған «Ән домбыра, жыр домбыра, күй домбыра» атты мерекелік іс-шара өтті.

Қазақтың бағзыдан келе жатқан қасиетті аспабы – ұлтымыздың киесі, қасиеті һәм қазынасы. Оның тарихы ғасырлар қойнауында жатқаны белгілі. Бабадан қалған бағалы мұрамызды қастерлеп, келер ұрпаққа аманаттау – әр қазақтың парызы. Сондықтан, 2018 жылдың 13 маусымында қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында шілденің бірінші жексенбісін Ұлттық домбыра күні ретінде белгіленді.

Мерекелік кеште қазақ өнерінің майталмандары, белгілі күйшілер мен дәстүрлі әншілер өнерлерін ортаға салды.


Мақсаты – өскелең ұрпақтың ата бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызығушылық сезімін оятып, тарихтың куәгеріне айналған қасиетті қара домбыраны қастерлеуге тәрбиелеу. Жас өрендерді дәстүріміздің ажырамас бөлігі – дәстүрлі музыка өнеріне баулу.

Жүздеген көрермендерді бір шаңырақ астына жинаған мерекелік іс-шараға этномәдени бірлестік өкілдері мен жастар қанаты мүшелері, «Ассамблея жастары» мүшелері және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Кеш жүргізушісі қазақ радиоларында, отандық өнер жұлдыздарына арналған хабарлар мен тікелей толқында өтетін бағдарламалар дикторы, «Мәдениет саласының үздігі» – Гүлмира Нәлібай болды.

Іс-шара соңында патриоттық ән шырқалып көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


Кейін қарай