Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Ақпан, 2016

1098

Ұлы дала дәстүрі

Бұл тақырып «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ бастамасымен және этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек столдың күн тәртібіндегі басты мәселе болды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен белгіленген Алғыс айту күні қарсаңында өткізіліп,  бұдан әрі қарай «дәстүрлерді және отбасылық құндылықтарды сақтау» атауымен жалғасын табатын іс-шаралардың  бастамасы болған дөңгелек үстелге облыстық ҚХА  басшылары, жоғары оқу орындары мен колледждер  студенттерінің, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты.

- Бүгінгі қауіп-қатерге толы заманда, біз, қазақстандықтар, өзіміздің - «бір ел», біздің -«бір тағдыр» иесі екендігімізді есте ұстап, халық бірлігін одан әрі нығайтуға, бейбітшілік және келісім орнаған қоғамды нығайтуға ұмтылуымыз керек. Қазақстанда тұрғандықтан біздің түрлі этнос мәдениетімен, тілдерімен, дәстүрлерімен, салттарымен танысуға мүмкіндігіміз бар. Қазақ даласы көптеген жер аударылып келген және қуғындалған адамдар үшін пана болған, олар ұрпақтарын өрбіткен жер болды. Олар  осы жерде тамыр жайып, көптеген жылдар бойы тұрып келеді, -  деп айтып кетті өз сөзінде ОҚХА ғылыми-сараптама тобының мүшесі Марьяш Қадралинова.

Оның сөзін: «Менің де қазақтарға деген алғысым шексіз, олар менің арғы аталарым үшін отбасы болды. Бұл Ұлы дала біздің әулет үшін – екінші үйіміз! Біз қазақ халқының дәстүрлерін құрметтейміз және олардың ежелден келе жатқан қонақжайлығы, кішіпейілдігі,  рақымдылығы және қайырымдылығы үшін шексіз ризамыз», -деп «Вайнах» шешен-ингуш ЭМБ төрағасының орынбасары Таус Хайдукаев қостады.

Ал облыстық ҚХА мүшесі, орыс қауымының өкілі Александра Суслова:

-  Президенттің көреген саясаты арқасында Қазақстанның бейбіт шаңырағы астында 100-ден астам этнос өкілдері өздерінің ерекшелігін, тілін, мәдениетін және дәстүрін ұмытпай, бейбіт өмір сүріп жатыр. Біз көптеген мерекелерді бірге өткізіп, тіпті Масленица және Наурыз, Құрбан айт және Рождество арасындағы айырмашылықтарды да көрмейміз. Егер бір жағдай болса, онда біз бірігіп қол ұшымызды береміз.  Бір дастархан басында  кездескенде төрде отырған ақсақалдардың бата беруін күтеміз. Жылдар бойы жиналған барлық құндылықты сақтап, өсіп келе жатқан ұрпаққа беруіміз біздің басты мақсатымыз, - деп атап айтты.   

Кездесу  соңында тарихшы-өлкетанушы, Қостанай және Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институттарының құрметті профессоры Қуанышпай Орманов облыста Дәстүрді сақтау орталығын ашуды ұсынды, ол жерде кез келген адам этностардың мәдениетімен таныса алар еді. 

 

Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз -қызметі

Кейін қарай