07 Қазан, 2015
1574
Ұлы дала ұлағаты
Тараз қаласында орналасқан «Достық үйінде» «Ұлы дала елі» халықаралық форумының мән-маңызы туралы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Басқосуды Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Любовь Ни ашып, жүргізіп отырды.
Тараз қаласында орналасқан «Достық үйінде» «Ұлы дала елі» халықаралық форумының мән-маңызы туралы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Басқосуды Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Любовь Ни ашып, жүргізіп отырды.
Достық үйінде баспасөз мәслихаты өтті.
Баспасөз мәслихатында алғаш болып сөз алған Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры, саясаттану ғылымдарының докторы Наталья Калашникова Қазақстан халқы Ассамблеясы қолға алған «Ұлы дала елі» экспедициясының мақсат-мұраты мен қол жеткізген табыстарына тоқталды.
-Бүгін міне, «Ұлы дала елі» экспедициясы өз жұмысын тарихи Тараз жерінде түйіндеп отыр. Экспедиция құрамында елімізге белгілі тарихшы ғалымдар, өлкетанушылар, қоғам қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жұмыс жасады. Экспедицияның атқарған жұмысы туралы елеміздің жетекші арналарынан тұрақты хабарлар беріліп отырды. Ал, жалпы біздің бұл бастамамыз туралы бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде 412 материал жарық көріпті. Шын мәнінде бұл ауқымы үлкен абыройлы іс болды деп санаймын. Біз бір ай ішінде ел аумағын аралап, жылыжүзді кездесулер өткіздік. Тарихи-мәдени орындарды аралап, оған қоғам назарын аудардық. Әлі де болса зерделеуді қажет ететін көптеген нысандардың көзін аштық,-деді Наталья Калашникова.
Келесі кезекте сөз алған Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Әміржан Әлпейісов экспедиция аясында ұлы даланың рухани түлегенін, халықтың осындай ұлан-асыр тойды аңсап күткенін тамылжыта әңгімеледі.
-«Ұлы дала елі» экспедициясы үш бағытта жүріп өтті. Ең бастысы біз елмен етене байланыста жұмыс істедік. Бірлігі жарасқан халқымыздың Елбасы саясатын бірауыздан қолдап отырғанын көрдік. Тұрғындар тарапынан көптеген ұсыныстар да түсті. Оны арнайы кітапқа жазып алдық. Оның барлығы тиісті органдарға жолданып, өз жауабын табатын болады,-деді тарихшы ғалым.
Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми сараптамалық тобының мүшесі Георгий Канның сөзі де көптің ойынан шықты.
-Шынында да ауқымды іс тындырдық. Елбасы біздің алдымызға жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу міндетін қойды. Бұл орайда бірлік пен біртектіліктің орны бөлек. Мұның бәрі түптеп келгенде «Мәңгілік ел» ұғымымен тығыз астасып жатыр. Бүгінгідей жаһандану ғасырында тарихты түгендеудің маңызы зор. Біз экспедиция аясында еліміздің көрнекті орындарын аралап қана қоймай, ол бойынша мол фотосуреттер жинадық. Енді сол дүниелерімізді 300-беттен асатын кітап етіп шығарып отырмыз. Біле білгенде біздің кең байтақ еліміздің табиғаты керемет қой. Тұнып тұрған тарихи жерлерді айтсаңызшы. Осындай экспедиция алдағы уақытта жалғасын табуы тиіс,-деді өз сөзінде Георгий Кан.
Тарих ғылымдарының докторы Нұрбек Шаяхметов экспедицияның өзі қатысқан Солтүстік-Орталық Қазақстан бағытының өзінде 40-қа жуық тарихи-мәдени орындарды аралауға мүмкіндік туғанын тілге тиек етті. Осы бағытта 10 мыңға жуық адаммен кездесу өткізілген. «Ел тарихы-жер тарихы» тақырыбында сұхбат та жүргізіліпті. «Қазақ даласы несімен ұлы? Ең бірінші халқымен, екінші кезекте осынау ұлан-ғайыр жерді мұра етіп қалдырған баһадүр балаларымыздың жауынгер рухымен ұлы. Біз осыған тағы бір мәрте көз жеткізіп қайттық»,-деді Н.Шаяхметов.
Баспасөз мәслихатында Шығыс Қытай университеті директорының орынбасары Ян Чен сөзі тіптен әсерлі шықты.
-Қазақстан жас та жаңа мемлекет. Десек те, оның тарихы тым тереңде жатыр. Сондықтан өз тарихын түгендеу, оны келешек ұрпаққа мұра етіп қалдырудың әлеуметтік маңызы зор. Әрі бұл іс бірлік пен қоғамдық келісім қағидаттарымен жүзеге асуда. Бұл тұрғыда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатын толық қолдаймын. Елбасы тек Қазақстан ғана емес, әлемдік ауқымдағы көшбасшы. Қазіргі таңда Орта Азия мемлекеттеріндегі ұжымдық біртектілік туралы монаграфия жазып жатырмын. Мұнда Қазақстанның бай тарихы мен бүгінгі болмысын кеңінен қамтып жатқан жайым бар,- деді ол.
Басқосуда сонымен қатар Парламент Мәжілісінің депутаты Надежда Нестерова, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының басшысы Лариса Лысова, өзге де азаматтар сөз сөйлеп, ой-пікірлерімен бөлісті. Баспасөз мәслихатында журналистер тарапынан экспедиция жұмысына қатысты бірқатар сұрақтар қойылып, оның барлығына тұшымды жауаптар берілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Ұлытау облысы
-
ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ВЕЛОСИПЕДШІ ХУРСАНД ШЕРОВ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЫ МӘНШҮК МӘМЕТОВАНЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ
-
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ
-
Көкшетауда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумы өтті
-
ҚР мемлекеттік наградаларымен және ҚХА қоғамдық наградаларымен марапатталған ҚХА мүшелерін құттықтаймыз!
-
ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ РАХЫМЖАН ҚОШҚАРБАЕВТЫҢ ҰЛЫ ЕРЛІГІ
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Ұлытау облысы
-
ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ВЕЛОСИПЕДШІ ХУРСАНД ШЕРОВ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЫ МӘНШҮК МӘМЕТОВАНЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ
-
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ
-
Көкшетауда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумы өтті
-
ҚР мемлекеттік наградаларымен және ҚХА қоғамдық наградаларымен марапатталған ҚХА мүшелерін құттықтаймыз!
-
ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ РАХЫМЖАН ҚОШҚАРБАЕВТЫҢ ҰЛЫ ЕРЛІГІ