16 Қыркүйек, 2015
2067
Ұлы даланың – ұлы тарихы (экспедицияның 3-4 күндері)
2015 жылдың 15 қыркүйегінде экспедициямыз қазақтың киелі де қастерлі жері - Баянаул еліне аттанды.
2015 жылдың 15 қыркүйегінде экспедициямыз қазақтың киелі де қастерлі жері - Баянаул еліне аттанды.
Осы орайда, 1734 жылы Сабындыкөл жағасында жас төре Абылай Орта жүздің ханы болып сайланғанда өз заманының маңызды бір саяси шарасына мұрындық болған Абыз бен Шомақтың тоқсан ту бие сойып тойлағаны жайлы таста қашалып жазылған
«Баянаула, Сабындыкөл басында,
Үш жүзге шықты Абылай хан сайланып,
Мың бір жүз қырық алтыншы жылында
Үш жүздің басын қосқан жиын еді» деген өлең жолдары экспедиция мүшелерінің назарын ерекше аударды. (1146 хиджра жыл санауы бойынша, григориан күнтізбесі бойынша 1734 жылға сәйкес келеді).
Экспедиция мүшелері жеті хан тұсында кеңесші, мемлекеттің «Жеті Жарғы» құқықтық заңдылықтарын немесе «Тәуке хан заңдары» аталатын еңбекті құрастырауға қатысқан кемеңгерлеріміздің бірегейі – Бұхар жырау Қалқаманұлының мазары мен мұражайына барып, жыраудың мұрасына арналған қормен танысты. Бұқар жыраудың толғауларының асыл сөзі – тарих айғағы ғой. Заманында ел бірлігі, жер тұтастығы сияқты мәселелерді дипломатиялық білгірлікпен шешуге жол бағыттаған Бұқар жырау хан Абылайға арнаған толғауында:
Өкпенменен қабынба,
Өтіңменен жарылма,
Орыспенен соғысып,
Басына мұнша көтерген
Жұртына жаулық сағынба – деп, бірлікке шақырған Бұқар жырау қазақтардың ерлік қылған дәуірінде Абылайды көршілес елдермен мәмлеге келіп ортақ тіл табуына нақтылы үлес қосқан дипломат ретінде бүгінгі ұрпаққа үлгі.
Аңыздардың бірінде, жырау өмірінің соңғы сәттерінде: Мен Асан қайғы болған елдің бәрінде болдым, сонда берекелі, ынтымағы жарасқан қазақ елін көрдім...,- деп біраз дем алып, - мені Түркістанға, Әзірет сұлтан басына апарып жерлейім демеңдер, мені ата- бабамның қыстауы Далба тауының етегіне жерлеңдер. Мен Сарыарқаның киесі болып жатайын,- деген екен.
Әулие бабамыздың Далба тауы етегіндегі бейітін тауып алғаш тас орнатқан Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы еді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Ұлытау облысы
-
ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ВЕЛОСИПЕДШІ ХУРСАНД ШЕРОВ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЫ МӘНШҮК МӘМЕТОВАНЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ
-
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ
-
Көкшетауда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумы өтті
-
ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ РАХЫМЖАН ҚОШҚАРБАЕВТЫҢ ҰЛЫ ЕРЛІГІ
вчера, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
Ұқсас жаңалықтар
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Ұлытау облысы
-
ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ВЕЛОСИПЕДШІ ХУРСАНД ШЕРОВ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЫ МӘНШҮК МӘМЕТОВАНЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ
-
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ
-
Көкшетауда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумы өтті
-
ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ РАХЫМЖАН ҚОШҚАРБАЕВТЫҢ ҰЛЫ ЕРЛІГІ