
03 Маусым, 2016
2488
Мәңгі есімізде сақталады
Қостанайда саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алды
Дәстүрлі митинг Жеңіс саябағында 31 мамыр күні өтті, онда 2003 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш ашылған болатын.
Еске алу митингіне кәсіпорындар, саяси партиялар басшылары, қуғын-сүргін құрбандарының балалары мен туыстары, Ұлы Отан соғысының ардагерлері және жастар ұйымдарының өкілдері келді.
- Біздің елде саяси құғын-сүргінге 100 мыңнан астам адам тартылды, оның 25 мың адамы ату жазасына кесілді. Сол жылдары Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин сияқты рухани көшбасшылардың, көптеген зиялылардың және басқа да жазықсыз жандардың өмірі қиылды, -деп айтып кетті облыс әкімі Архимед Мұхамбетов. - Бүгін бүкіл ел бойынша Саяси құғын-сүргін құрбандары күнін атап өтуде. Сол 30-жылдары Қазақстанға 1,5 миллион адам қоңыс аударды, оның 800 мың адамы немістер, 19 мың адам кәрістер, 507 мың адам Солтүстік Кавказ халықтарының өкілдері. Қазақтар олардың тілін түсінбесе де барлығын жылы қабылдады. Адамдар соңғы түйір нанымен және киімдерімен бөлісті. Біз өткен уақыттың сабақтарын ұмытпауымыз керек. Қазір біз тәуелсіз елде, бір шаңырақ астында, біздің дана және көреген саясаткер Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында тату өмір сүріп жатырмыз.
Жазаланған отбасының қызы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының неміс этномәдени бірлестігінің өкілі Изольда Кравец сол қиын жылдары оның туысқандары көрген қиыншылықтарды айтты.
- Мен неміс отбасында туып өстім, неміс автономиясынан жер аударылып келдік. Сол жылдардың оқиғасы есімде қалды. Өз тілімізде сөйлесуге тыйым салынды, артық жүруге болмайтын, менің үлкен әпкеме неміс болғандықтан алтын медаль бермеді. Бірақ ата-анамыз осы барлық қиыншылықты жақсы істерімен жауып жүрді. Олар қазақ халқының жақсылығын, соңғы тілім нанынмен бөліскенін айтып отырды. Барлық тыйымдар мен шектеулер алынғаннан кейін де біз Қазақстанды тастап кете алмадық. Өйткені біз осы жерде тірі қалдық, осы жерге тамырымызды жайдық, ол бізге туған еліміздей болып қалды.
Барлық сөйлеушілердің сөзінен кейін жиналғандар саяси құғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Содан кейін ескерткіштерге гүл шоқтары қойылды.
«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Өскеменде «Рухани жаңғыру – Мәңгілік ел болашағы» облыстық фестивалі өтті
-
Халықтар достығы мәңгілік!
-
Таразда саяси қуғын-сүргін мен ашаршылықтың құрбандарын еске алу кеші өтті
-
Ақтөбеде Қазақстан мен Ресей достығын айғақтайтын «Мәңгілік бірге» көркемөнерпаздар фестивалі өтті
-
Қазақстан мен Өзбекстан достығы мәңгі
-
Ресей және Қазақстан – мәңгілік достықтың екі қанаты
21 Мамыр, 17:49
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
21 Мамыр, 18:22
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
21 Мамыр, 10:05
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
Өскеменде «Рухани жаңғыру – Мәңгілік ел болашағы» облыстық фестивалі өтті
-
Халықтар достығы мәңгілік!
-
Таразда саяси қуғын-сүргін мен ашаршылықтың құрбандарын еске алу кеші өтті
-
Ақтөбеде Қазақстан мен Ресей достығын айғақтайтын «Мәңгілік бірге» көркемөнерпаздар фестивалі өтті
-
Қазақстан мен Өзбекстан достығы мәңгі
-
Ресей және Қазақстан – мәңгілік достықтың екі қанаты