Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Наурыз, 2016

1051

«Мәңгілік Ел» поезы жалпыреспубликалық акциясы

Ағымдағы жылдың 17 наурызы күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қазақстандық бірегейлікті нығайту және дамыту, халықтың бірлігін  іске асыру, жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асыру мақсатында «Мәңгілік Ел поезы» акциясы өтті.

«Мәңгілік Ел» поезы» жалпыреспубликалық акциясы аясында Қарасай ауданы Шамалған станциясына  келген делегация құрамында «Қазақстан азаматтық альянсының», Қазақстан халқы Ассамблеясының, ауыл шаруашылығы, ішкі істер, әділет, инвестициялар және даму, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, қаржы министрліктерінің, «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы АҚ,  «Атамекен» ҰКП, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің өкілдері бар.

Шамалған бекетінде құрметті қонақтарды  қарсы алу салтанатында  шашу шашылып, арнаумен басталды. Қарсы алуға Қазақстан халқы Алматы облыстық ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі, «Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығы», облыстық ішкі саясат басқарма басшылары мен ауданның этнос өкілдері, жастар, мемлекеттік қызметшілер, тұрғындар, БАҚ өкілдері, барлығы 2500 адам қатысты. Тақырыпқа сай безендірілген алаңда қолдарында жалауша,  шар, лозунг ұстаған  біркелкі киім киген жастар  қонақтарды қарсы алды.

Жиын аудан әкімінің орынбасары Аманова Ғалия Матанқызының құттықтау сөзімен басталып, ол аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қыдыралиев Сайлаубек Қасембайұлының бата беруімен жалғасты. «Мәңгілік Ел» поезы қатысушыларының атынан штаб басшысы Әлпейісов Әміржан Қайырұлы жиналған қауымға алғыс білдірді. Жаңа Шамалған  ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы Молдағалиева Мөлдір Маратқызы  жалынды сөздерімен жиынды аяқтады. 

Келесіде қонақтар Шамалған бекетінен Қаскелең  қаласына жол тартып, Наурызбай батыр ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Ардагерлер, жастар өкілдерінен барлығы 500 адам қатысты.

 Содан соң іс-шараға қатысушылар аудандық кітапханада Ж.Жабаевтың 170-жылдығына орай  дайындалған «Менің өмірім» атты кітап көрмесін тамашалады.

Аудандық тарихи өлкетану мұражайында  «Елбасы біздің Қарасайдан шыққан» атты Елбасының сыныптастарымен, зиялы өкілдерімен барлығы 80 адаммен кездесу ұйымдастырылды.

Кеңес алу үшін келген халықтың әртүрлі мақсатты топтарының өкілдерімен кездесулер күні  бойы жүргізілді. 

Атап айтқанда: әлеуметтік  көмек көрсету,  мемлекеттік қызмет көрсету бойынша  жеке, заңды  тұлғалар қабылданды; денсаулық саласы бойынша кеңес берілді,  білім беру мекемелерінің ұжымдарымен, оқушылармен, этномәдени орталықтар белсенділерімен, шағын және орта бизнес өкілдерімен  кездесулер өткізілді. Атап айтқанда, Елтай ауылдық ауруханасында 219 науқас тегін кеңес алса, СДУ жоғарғы оқу орнында студенттер мен оқытушылармен кездеск өтті, ауылшаруашылық кәсіпкерлік сала бойынша 46 адамға, жұмыспен қамту орталығында 12 адам, халыққа қызмет көрсету бойынша 36 адам кеңес алды. Осындай кеңес беру халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында, әділет басқармасында  жылжымайтын мүліктерді заңдастыру мәселелері және зейнетақы, мүгедектерді жәрдемақымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша қабылдау жүргізілді. Іс -шараға  барлығы 5000-ға жуық адам қатысты. 

Сонымен қатар, әртүрлі саладағы қызметкерлер  және этностар арасында сауалнама жүргізіліп фокус-топтың жұмысы жүргізілді.

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында  ардагерлер, қала, ауылдық округ әкімдері, қоғамдық келісім кеңес мүшелері, әжелер, аналар кеңесінің  төрайымдары, этномәдени бірлестіктерінің барлығы 120 белсендінің қатысуымен дәріс – презентация, фильмдер, бейне-роликтер көрсетілімі, іскерлік ойын өткізілді.

«Мәңгілік Ел» республикалық акциясының қатысушыларына арналған мерекелік концерт аудандық мәдениет үйінің 550 орындық залында өтті. Онда келгендер ауданның «Құлансаз» этнографиялық фольклорлық ансамблінің, жергілікті өнерпаздардың, «Алатау әуендері» би ансамблінің өнерлерін тамашалады. Жиналған көпшілік қауым өнерпаздарға қошемет көрсетіп, ризашылықпен қоштасты.

   

   

   

 

Кейін қарай