Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Ақпан, 2016

986

Мүмкіндігінше жақсылық жаса.

Аймақтық Қазақстан халқы ассамблеясының өткен жылғы жасалған қайырымдылық акциясының қорытындысы жамбылдықтарға  жақсы таныс. Алыс елді мекенде тұратын мыңнан аса жерлестерімізге олардың жағдайларын жақсарту мақсатында қайырымдылық іс-шаралар жасалды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Қайырымдылық керуенінің» бастауы  жыл басынан күннен - күнге күш ала бастады.

Өткен аптаның жексенбісі күні Жамбыл қаласының тұрғындары  әлеуметтік желіде  орналастырылған облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы аналар кеңесі мен «Ақ желкен» жастар лигасының  шақыруы бойынша «Түрксиб» кешеніне жиналды. Осы жерде тағдырдың жазуымен ауыр жағдайға душар болған отбасыларына қолдау көрсету мақсатында этномәдени бірлестік жастарының қатысуымен үлкен қайырымдылық концерті ұйымдастырылды. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова өз сөзінде: «Біздің жүректеріміз мұқтаж адамдарға көмек қолын созу, мейірімділік таныту сияқты сезімдерге толы. Қыстың суығына қарамастан осында келгендер де ауыр тағдырға душар болған отбасыларына қолдау көрсетуге дайын деп ойлаймын. Шын ықыластарыңызбен көмектескілеріңіз келіп, арнайы ұйымдастырылған концертке қатысқандарыңыз  үшін сіздерге мың да бір рахмет!», -деп ризашылығын білдірді.

«Түрксиб» кешенінің залында үш сағат бойы «Explose» және «Колорит» топтарының және әншілері А.Беляева, Л.Аширова, А.Мингарова, М.Баяритова, Ролль және Тахминаның әндері орындалды.  «Фабрика звезд» хореографиялық би тобы шығыс билерін нақышына келтіріп орындағанда, көрермендер де қоса билеп кетті. Қайырымдылық іс-шарасына арналып қойылған  жәшіктерге біртіндеп қаражаттар түсе бастады. Қайырымдылық акциясын ұйымдастырушылар   жиналған қаражатқа көп балалы отбасы балаларына киімдер, тағамдар  сатып алып береді.

   

Кейін қарай