Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Шілде, 2022

394

Мәселені бірігіп шешейік

Петропавл қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер Қауымдастығының президенті Қайрат Айтбайдың төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының отырысы өтті.

Бизнес-форумның модераторы ретінде Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Владимир Витченко сөз бастап, қатысушыларға СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының жаңа басшысы Алексей Ханды таныстырды.


Кездесу барысында жиналғандарға ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы қызметінің төмендегідей үш басым бағыты туралы ақпарат берілді:

1) кәсіпкерлерге өкілдік ету, мемлекеттік органдарда Кәсіпкерлер қауымдастығы мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

1) қолданыстағы құқықтық базаны талдау және кәсіпкерлік саласындағы қазақстандық заңнаманы жетілдіру бойынша есептер, ұсынымдар дайындау;

2) Қазақстан этностарының тарихи отандарынан шетелдік инвестиция, технологиялар мен инновациялар тарту.

Қайрат Айтбай өз сөзінде қауымдастық тарапынан бизнеске практикалық көмек көрсетудің маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Оның пікірінше, проблемалық мәселелерді шешу бірлестік жұмысының тиімділігінің ең жақсы көрсеткіші болып табылады. Бұл үшін Қауымдастық қажетті ресурстарға ие.


ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы жастар қанатының жұмысы туралы Аман Баев айтып берді. Ол бірлестіктің мақсаттарының бірі кәсіпкерлердің жас буынының идеялары мен бастамаларын қолдау екенін атап өтті. Жастар Қазақстанның барлық этностары арасындағы өзара қарым-қатынасты дамытудың қозғаушы күшіне айналуға тиіс. Коммуникацияларды қолдау мен күшейту бағытында әлі де көп жұмыс жүргізілуі тиіс.

Кездесу барысында Солтүстік Қазақстандық кәсіпкерлер ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп шешуге тиісті, тұрғын үйлер жанындағы дүкендердің мәселелері, салық салушылармен және табиғи монополия субъектілерімен өзара қарым-қатынастар, жеңіл өнеркәсіптегі шешін таппаған мәселелер және т.б. бірқатар мәселелерді атап өтті.

СҚО Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Лина Ермолаева Қауымдастық өкілдерімен бірге пікір білдіріп, қажетті түсініктемелер берді.

Іс-шара жоспарланған уақыттан едәуір ұзаққа созылды. Бизнес-форум кезінде көтерілген мәселелер бақылауға алынды.

Кездесуді қорытындылай келе, Қайрат Айтбай: «Қауымдастық өз мүшелеріне біліктілікті арттыру, түрлі рұқсат құжаттары мен мемлекеттік қызметтерді алуға жәрдемдесу мәселелері бойынша «бір терезеден» қызмет көрсетуді қарастырудамыз», - деп атап өтті.

Кәсіпкерлер қауымдастығы отырысының жұмысына жергілікті бизнес өкілдері ғана емес, этномәдени бірлестіктердің, Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының бірқатар құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен жастар да қатысты.

СҚО ҚХА баспасөз қызметі

Кейін қарай