
24 Наурыз, 2016
1211
МАҢҒЫСТАУДА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ
Маңғыстау облысындағы этномәдени бірлесіктер жылдағы әдеттерінен жаңылмай әз Наурызды барлық сән-салтанатымен атап өтті. Мерекеге арнап теңіз жағалауында ұлттық нақыштағы киіз үй тігіліп, концерт ұйымдастырылды. Оған этномәдени бірлестіктер төрағалары мен ақсақалдар қатысты.
Этномәдени бірлестіктерге арналып, теңіз жағалауында. Оны Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тікті. Киіз үйдің алдында түрлі ұлт өкілдерінің жастары мен «Ақжарма» фольклорлық ансамблі әуелете ән шырқап, домбырада күмбірлете күй төгіп мерекенің сәнін келтірді. Киіз үйдің жанына жиналған халық Наурыз мерекесінің ең басты қағидасы бір-біріне игі тілектер айтып, көрісу рәсімін жасады. Бағдарлама барысында қазақтың «Келін түсіру» салты көрсетілді. Жаңа түскен келіннің «Беташар» рәсімі жасалды. Оған аймақтың құрметті азаматтары мен Маңғыстау облысының әкімі А.Айдарбаев қатысты. Жаңа түскен келінге аймақтың сыйлы ақсақалдары бата берді. Келін түсіру рәсімінен кейін аймақ басшысы киіз үйдің ішіне кіріп, өзге ұлт өкілдерінің қарияларын Наурыз мерекесімен құттықтады.
-Баршаға ортақ наурыз мейрамы құтты болсын. Әрбір отбасына молшылық, табыс, бақыт, береке тілеймін. Жылдан-жылға аман-есен жете берейік, - деді облыс әкімі.
Ұлыстың ұлы күнін тойлау барысында этномәдени бірлестіктер жастарынан құрылған «Жас қанат» жастар ұйымы мен Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері алаңға жиналған халыққа тегін палау таратты. Игі іс «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясы аясында ұйымдастырылды. Бұған риза болған халық рахметін айтып, мерекелік тамақтан ауыз тиді. Акция барысында белсенді жастар қайырымдылық істер жазылған ақпараттық парақшалар таратылды.
Сонымен қатар, «Аллаяр жол» қарақалпақ этномәдени бірлестігі мен «Самур» лезгин этномәдени бірлестігі де киіз үй тігіп, халыққа дәм ұсынды. Барша халыққа ортақ әз Наруыз мерекесін тойлау біз үшін зор құрмет, - дейді «Аллаяр жолы» қарақалпақ этномәдени бірлестігінің мүшесі Бахадүр Құрбаниязов.
-Қазақстанда Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі. Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда мемлекеттік мереке ретінде, Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурыз күні аталып өтіледі. Біз жыл сайын бұл мерекені ерекше тойлаймыз. Биыл да осы мейрамға арнап, киіз үй тіктік. Келген адамдардың барлығына наурыз көже ұсындық. Ал, олар өз кезегінде бізге алғысын жаудыруда.
Іс-шара соңы өнерпаздардың көңілді концертіне ұласты.
МО ӘА «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
«Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесі өтті
-
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Наурыз мейрамымен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
7 Шілде, 21:16
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
«Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесі өтті
-
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Наурыз мейрамымен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы