19 Маусым, 2017
1140
Мағжан Жұмабаев: ұлттық-тарихи контекстегі ақын тұлғасы
2017 жылғы 15 маусымда Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Мағжан Жұмабаевтың 124 жылдығына орай «Мағжан Жұмабаев: ұлттық-тарихи контекстегі ақын тұлғасы» (ақынның рухани мұрасы) тақырыбындағы дөңгелек үстел болып өтті.
Іс-шара Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көзделген «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйі жұмысын қамтамасыз ету қызметі мен «Ұлағат» халықаралық инновациялық білім беру орталығының бастамасымен ұйымдастырылған дөңгелек үстел жұмысына этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, Алматы қаласы ҚХА жанындағы Ғылыми-сараптамалық топ мүшелері, зиялы қауым өкілдері және жастар қатысты.
Алматы қаласындағы Ұлттық кітапхана ұйымдастырған «Мағжан есімді ғаламшар» атты кітап көрмесінде Мағжанның әр жылдарда жарық көрген шығармалары қатысушылар назарына ұсынылды.
Алғысөз айтып, іс-шараның модераторы болған Халықаралық «Интеллект Орда» әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулерді ықпалдастыру институтының бас директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясы мен Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі - Мәжитов Саттар Фазылұлы.
Дөңгелек үстелге қатысушылар педагог, этнограф, ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың жеке өмірі мен шығармашылығы туралы түсірілген «Махаббат нұры» фильмін зор ықыласпен тамашалады (жоба авторы - Рудакова И.А., ғылыми консультант - Мәжитов С.Ф.).
Сөз сөйлегендер: Шаймерденова М.Ж. - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры; Ананьева С.В. - Алматы қаласындағы ҚХА жанындағы Ғылыми-сараптамалық топ төрағасының орынбасары; Рудакова И.А. - тілші, М. Жұмабаев туралы фильм идеясының авторы; Осман А.Ә. - қоғам қайраткері, ҚР ҚХА мүшесі; Елкеева А.Б. - «Ұлағат» халықаралық инновациялық білім беру орталығының директоры.
ЭМБ жастары мен ЖОО білімгерлері ақынның өлеңдерін оқып, қатысушыларды Мағжанның поэзия әлемімен таныстырды.
Іс-шара соңында өнер сүйер қауым ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстар жасады. Дөңгелек үстел жұмысының аяғында қатысушылар бірге суретке түсті.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде Өзбек ұлттық киімі күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорымен кездесу өткізді