Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Қыркүйек, 2023

1533

«Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы» тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант өтті

2023 жылғы 5 қыркүйекте еліміздің барлық өңірінде қазақтың біртуар тұлғасы М.Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған «Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы» тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант өтті.

Диктанттың мақсаты — Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін нығайту.

Ашық диктантқа мемлекеттік қызметшілер, этномәдени бірлестіктердің, азаматтық қоғам және жастар ұйымдарының өкілдері, студенттер мен оқушылар т.б барлық ниет білдірушілер қатысты.

Ашық диктант қатысушыларға мемлекеттік тілде сауатты жазу деңгейін тексеріп, оның маңыздылығына назар аударуға мүмкіндік берді.

Іс-шара барысында М.Жұмабаевтың өлеңдері оқылып, шығармашылығы жақын таныстырылды. Шара қорытындысы бойынша қатысушыларға электронды сертификаттар тапсырылды.




Кейін қарай