13 Қыркүйек, 2021
2938
Махметғали Сарыбеков Ел Президенті Жолдауына байланысты Талас ауданында жиын өткізді
Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, «Әулие Ата» Қазақ мәдени орталығының төрағасы Махметғали Сарыбеков Ел Президенті Жолдауына байланысты Талас ауданында жиын өткізді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 03 қыркүйектегі № 242-ө өкіміне сәйкес құрылған арнайы ақпараттық топ Талас ауданына келді.
Талас ауданы бойынша топ жетекшісі, облыстық мәслихаттың хатшысы, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, «Әулие Ата» Қазақ мәдени орталығының төрағасы Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбеков Талас ауданы әкімдігінің «Ұлбике ақын» атындағы мәдениет орталығында аудан активімен кездесті. Отырысқа зиялы қауым өкілдері, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, қала әкімі, бөлім басшылары, БАҚ өкілдері, білім, денсаулық сақтау саласының басшылары мен қызметкерлері және аудан тұрғындары қатысты.
Жиынның алғашқы баяндамасын жасаған Махметғали Нұрғалиұлы Жолдауда айтылған негізгі бағыттары мен бастамаларына жеке-жеке тоқталып, өз ойын ортаға салды.
Ел Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы бүкіл әлемді алаңдатып отырған пандемиямен күрес жолдарын, оның елімізге алып келген зардабы мен өзгерістерін айта келіп, еліміздің әлеуметтік дамуына, ел тұрғындарының табысы мен жұмыс орындарының сақталуын, халқымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарға басты назар аудару керектігін айтып өтті.
Жолдауда айтылған барлық бағыттардың дамуы, ел тағдыры үшін маңызды. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп берді.
Сондай-ақ, Махметғали Нұрғалиұлы індеттің таралу қарқыны әлі де бәсеңсімегенін, сондықтан аудан тұрғындарына вакцинациялауға немқұрайлы қарауға болмайтынын жеткізді.
Актив жиынында аудандық мәслихаттың хатшысы Қадірбек Рысқұлбекұлы Садубаев Жолдау тармақтары бойынша өз ойын ортаға салып, елімізде жүзеге асырылып жатқан жарқын жобалар мен бағдарламалардың арқасында аудан тұрғындарының өзекті мәселелері шешіліп жатқандығын және оның барлығы мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың сындарлы саясатының арқасы деп білемін деп өз сөзін түйіндеді.
Жиынды қорытындылай келе, топ жетекшісі Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбеков аудан басшылығына Жолдаудан туындаған міндеттерді орындауда нақты жүйелі жұмыстар жасау қажеттілігін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жамбыл облысы Қордай ауданы гуманитарлық көмекті Қостанай облысы Арқалық қаласына жөнелтті
-
Астанада «Родны Кут» қауымдастығының міндеттері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған бастамаларды іс жүзінде іске асыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел
-
Маңғыстауда «Бірлік түбі береке» атты мерекелік шара өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов елордалық Достық үйінде өткен «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік шарасына қатысты
19 Сәуір, 21:38
Қазақстан Республикасының «Дустлик» өзбек этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы Петропавл қаласына гуманитарлық көмек жіберді
вчера, 10:21
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
вчера, 17:41
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
вчера, 11:50
БІРЛІК ЖҮГІРІСІ
вчера, 11:47
ШЫМКЕНТ Қ. ҚХА МҮШЕЛЕРІ 25 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
Ұқсас жаңалықтар
-
Жамбыл облысы Қордай ауданы гуманитарлық көмекті Қостанай облысы Арқалық қаласына жөнелтті
-
Астанада «Родны Кут» қауымдастығының міндеттері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған бастамаларды іс жүзінде іске асыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел
-
Маңғыстауда «Бірлік түбі береке» атты мерекелік шара өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов елордалық Достық үйінде өткен «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік шарасына қатысты