Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Ақпан, 2024

107

Марат Әзілханов ұйғыр ЭМБ жастарымен кездесті

2024 жылғы 8 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Алмасұлы Әзілханов ұйғыр этномәдени бірлестіктерінің жастар өкілдерімен «Қазақстан жастары. Дамуға бағдар» Қазақстанның ұйғыр жастар Одағының форумында кездесті.

Кездесуге Қазақстанның ұйғыр республикалық этномәдени орталығының Төрағасы Долкунтай Абдулхалил, «Ассамблея жастары» РҚБ Төрағасы Тимур Джумурбаев, Қазақстанның ұйғыр жастары одағының Төрағасы Рустам Кайрыев және басқалар қатысты.

Іс-шара барысында қоғамдық келісімді нығайтудағы жастардың рөлі және ұйғыр жастары Одағының бастамашылық еткен жобалары талқыланды.

Сонымен қатар, кездесуде Қазақстанда жастар белсенді түрде дамытып жатқан креативті индустрия саласына ерекше назар аударылды.


Кейін қарай