Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Наурыз, 2017

1245

Медиация-азаматтық қоғамның негізі

2017 жылдың  24 наурызы сағат 11.00-де М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде "Медиация-азаматтық қоғамның негізі" атты семинар өтті.
Тәуелсіздік алғаннан бері мемлекетіміз сенімді түрде алға қарай жүруде.

Президентіміздің саясаты: жоғары табысы бар ең дамыған 30 елдің қатарына кіру. Осы жоспарды іске асыру үшін мемлекет басшысы үш негізгі бағытты атады - қайырымдылық, медиация, қоғамдық бақылау.Медиация – келісімге келе білу, даулар мен жанжалдарды шешу, екі жаққа өзара тиімді шешімге келу. Адамдар әрқашан жақсы қарым-қатынасты бағалаған, «Жақсы жанжалға қарағанда жаман татулық жақсы» деп бекер айтылмаған. Ешкім қарым-қатынасты өз бетімен бұзғысы  келмейді.

Ассамблеяның жиырма төртінші сессиясында сөз сөйлеген мемлекет басшысы Ассамблея қызметінің бағыттарының бірі - медиация екенін айқындады. Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық және этносаралық қатынастар саласындағы бас медиатор рөлінде шығып отыр. Қазақстан халқы Ассамблеясында бұл бағыттың одан әрі дамуы 2015 жылдың тамызында құрылған ҚХА медиация орталығы бойынша кеңейтілген отырысында айтылып, оның қорытындысы бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.

Аталмыш шараның модераторы Салов Владимир Юрьевич - ҚХА кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы,профессор.
Семинар барысында Италиева Талшин Мукатовна - БҚО әкімі аппаратының КММ "Қоғамдық келісім" медиация кабинетінің меңгерушісі:"Медиация-азаматтық қоғамының негізі" тақырыбында  медиация кабинетінің жұмысы және КММ "Қоғамдық келісім" БҚО әкімі аппаратының медиаторлары туралы ақпарат берді.

«2016 жылдың барысында облыс көлемінде этномәдениет, қоғамдық келісім, аналар, қарттар кеңесі және  жастар қанаты, облыстық сотпен бірлесе отырып  30-дан  астап шаралар өтті. 145 медиация кабинеті ашылды,  БҚО ҚХА құрамында 224 кәсіби және 44 кәсіби емес медиатр бар, 1700-ден аса медиаторлық келісім бар, оның 967 келісімі сотқа дейінгі жағдайда шешілді. Бұл халықтын медиаторларға деген сенімінің артқанын көрсетеді.» - деді Италиева Т.М.

Хабиева Мавлина Калимжановна - "Татулас" оқу орталығының жетекшісі  «ҚР Жоғарғы сотының пилоттық жобасын іске асыру.  Медиация саласындағы білім туралы» баяндады.

Ракишева Алуа Гильмановна -әлеуметтік бастамалар мен БҚО әкімі аппаратының КММ "Қоғамдық келісім" бөлімінің басшысы, «Медиациялық жағдайлар. Рөлдік ойындар» тақырыбында баяндады.

Медиацияны білімде пайдалану, оқу орындарында жанжал деңгейін төмендету, қолайлы психологиялық атмосфера жасау, студент-оқушы-ата-ана  жүйесінде қарым – қатынастын жаңа деңгейін қалыптастыру. ҚР Жоғары сотының пилоттық жобасы іске асырылуда, онда азаматтық кодекстің әлеуметтік сақтандыру туралы дауларды сотқа дейінгі тәртіппен реттеу, күнделікті өмірдегі медиативтік жағдайлар қолданылады.

Кейін қарай