Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Наурыз, 2016

702

Медиация – дау-жанжалсыз аумақ

29 ақпан күні «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында қалалық және аудандық Қоғамдық келісім кеңестері өкілдерінің қатысуымен семинар-тренинг өткізілді. Семинар жұмысына облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Идият Бекболатұлы Абдықалықов, Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Оразгелді Әліғазыұлы Қайыргелдинов, Павлодар облысы ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары Алма Зейноллақызы Козкина, «Медиацияны дамыту орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдігінің директоры, кәсіби модератор Әлия Шүкірқызы Қажыбекова, Павлодар облысы сотының мүшесі Гүлнар Сәрсенбекқызы Жапарова  атсалысты. Сейсембай Қалижанұлы Жетпісбаев іс-шара модераторы болды.   

«2015 жылғы қазан айында Астана қаласында өткен Қоғамдық келісім кеңесінің республикалық Форумында халық Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысымен байланысты өзекті экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық мәселелер спектрі кеңінен аталып өтілді. Әр түрлі деңгейдегі: облыстық, қалалық, аудандық, селолық, ірі еңбек ұжымдарындағы кеңестерді ашу жөнінде ұсыныстар жасалды. Осы маңызды мәселелерді орындау үшін кеңестердің жұмысын қалай ұйымдастыру керектігі жөнінде айтылды. Бүгінгі біздің семинар да соған арналған», – деп атап өтті Сейсембай Қалижанұлы Жетпісбаев.

Сонымен қатар, семинар шеңберінде «Медиация – дау-жанжалсыз аумақ» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясындағы өз сөзінде: «Біз қай тараптан шыққанына қарамастан, ұлттық радикализмнің жолын қатаң кесетін боламыз. Біздің қоғамда қазірдің өзінде қандай да бір радикалды үндеулер мен арандатушылыққа қарсы белгілі бір иммунитет қалыптасып үлгерді. Бірақ Қазақстан халқы Ассамблеясы қашанда қоғамның тамыр соғысын жіті танып, тиісті мемлекеттік органдармен бірге алдын алу шараларын қабылдауы керек», - деп айтып өткен болатын. 

Оразгелді Әліғазыұлы Қайыргелдинов,   Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы, медиатор:

2015 жылғы тамыз айында «Қоғамдық келісім» КММ басшыларына арналған Софий университетінің профессоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының халықаралық ғылыми-сараптамалық кеңесінің сарапшысы, медиатор Татьяна Дронзинаның қатысуымен «Дауларды болдырмау және шешу мәселесі» бойынша республикалық медиация орталығының отырысы өтті, соңында бізге сертификаттар берілді. Сотқа дейін келістіру шараларының дүниежүзінде жақсы дамып, жақсы нәтиже көрсетіп отырғанын ескере отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация орталығы мемлекет тұрақтылықтың және толеранттылық пен этносаралық келісімді қамту жолындағы саясатты анықтайтын, мықты талдамалық және стратегиялық өзегі болуы тиіс. 

Оңайлатылған тәртіпте дауларды сотқа дейін шешу бойынша шараларды қабылдау азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың маңызды жағдайларының бірі болып табылады. Бұл елімізде және жалпы қоғамда бірлік пен тұрақтылықтың жағдайын сақтауға әрекет етеді, - деп айтып өтті өз сөзінде Павлодар облысы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының мүшесі Гүлнар Сәрсенбекқызы Жапарова.

Дөңгелек үстелдің соңында барлық қатысушылар Аналар кеңесінің мүшесі, «Павлодар облысының фин-угор этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігнің төрайымы Ольга Леонидовна Николашина төрайымы болып табылатын, Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Медиация орталығының тұсаукесеріне қатысты.

   

   

 

         Айтпаев Мақсат

Смағұлова Назыгүл

Кейін қарай