
06 Қазан, 2016
881
Медиация үдерісінің ерекшеліктері
Жуырда «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінде «Медиация үдерісінің ерекшеліктері» тақырыбында дәріс оқылды. Бұл дәріс медиаторларды дайындау бағытындағы оқу бағдарламасы аясында дайындалды. Аталмыш оқу бағдарламасы 15 қыркүйекте басталып, 22 желтоқсанға дейін жалғасатын болады. Іс-шараға үкіметтік емес жастар ұйымдарының мүшелері, мұғалімдер белсене қатысты.
«Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің медиация орталығының басшысы О.Л.Николашинаның айтуынша, бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты мен Қазақстан халқы Ассамблеясының арасындағы 2016 жылғы 30 маусымда бекітілген Меморандум аясында жұмыс жасауда. Оқу бағдарламасының басты мақсаты кәсіби және кәсіби емес медиаторларды дайындау болып табылады.
Іс-шара барысында сот медиациясының қыр-сыры жөнінде Павлодар қалалық сотының судьясы Г.Х.Юсупова баяндап берді. Ал медиация тренері, «Медиаторлардың ұлттық палатасы» қоғамдық бірлестігі өкілдігінің басшысы С.Т.Қайдарова жиналған қауымды медиация үдерісінің ерекшеліктерімен таныстырды.
«Медиация – бұл дауды шешудің бір жолы болып табылады», - деді медиация тренері С.Т. Қайдарова. - Әрбір азаматтың сотқа жүгіну құқығы бар. Сотты таңдаса, судья тағайындалады да, ол заңға сәйкес өзінің билігіне сай шешімін шығарады, сөйтіп барлығы аяқталады. Ал медиация кезінде медиатор шешім шығармайды. Ол тиімді жағдайлар жасау арқылы, дауласып жатқан тараптардың өздері тапқан, екі жаққа да тиімді жолдарына түсіріп береді», - деп сөзін жалғастырды ол.
Сондай-ақ, Салтанат Төлетайқызы дүниежүзілік тәжірибеге де тоқталып өтті. Оның айтуынша, медиацияға жүгінген адамдардың 93 пайызы сотқа ешқашан қайтып оралмайды екен.
Оқу бағдарламасы аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.
Айтпаев Мақсат
Ұқсас жаңалықтар
-
Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды
-
Қостанай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің мүшелері 2024 жылғы жұмысын қорытындылады
-
Этномедиация саласындағы өңіраралық тәжірибе алмасу: бірлік пен келісімді нығайту
-
ҚХА АЛМАТЫДА МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЕКІКҮНДІК СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
-
Этномедиацияның базалық негіздері
-
ҚХА «Елдесу және татуласу» жобасы аясында медиация семинар-тренингтер өтті
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
сегодня, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды
-
Қостанай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің мүшелері 2024 жылғы жұмысын қорытындылады
-
Этномедиация саласындағы өңіраралық тәжірибе алмасу: бірлік пен келісімді нығайту
-
ҚХА АЛМАТЫДА МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЕКІКҮНДІК СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
-
Этномедиацияның базалық негіздері
-
ҚХА «Елдесу және татуласу» жобасы аясында медиация семинар-тренингтер өтті