Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Шілде, 2016

848

МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН НАСИХАТТАУ КЕРЕК

Қызылорда қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының ұйымдастыруымен «Медиация институтының қызметін ілгерілету: тәжірибелері мен мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.

Қатысушылар медиацияның өзектілігі мен тиімділігі, оны халыққа кеңінен насихаттаудың маңыздылығы және медиация заңының іске асырылуы туралы өзара пікір алмасты. «Tura Bi» медиация және сот әділдігін қалпына келтіру» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысындағы филиалының директоры Нұрлан Нұрғалиев «Медиация  туралы» заңды жүзеге асыруда өзара ынтымақтасып жұмыс жасау қажеттігін айтса, КФОФ «Арылу» қоғамдық қорының Қызылорда филиалының үйлестірушісі, кәсіби медиатор Елена Захарченко және кәсіби емес медиатор Талғат Сақтағанов өздерінің жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті мәселелерді ортаға салды.

Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, медиация институтын халық арасында әлі де насихаттау қажеттігі айтылып, дау-жанжалдардың алдын алуға мүмкіндік барын жеткізді.

Кейін қарай