Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Желтоқсан, 2015

1196

Медиация кабинеті ашылды

2015 жылдың 23 желтоқсаны күні Алматы қаласында ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-не қарасты Достық үйінде Алматы қаласының ҚХА Хатшылығы мен қалалық «Қоғамдық келісім» КММ бірлесіп, медиация кабинетінің тұсаукесерін өткізді. 

2015 жылдың 23 желтоқсаны күні Алматы қаласында ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-не қарасты Достық үйінде Алматы қаласының ҚХА Хатшылығы мен қалалық «Қоғамдық келісім» КММ бірлесіп, медиация кабинетінің тұсаукесерін өткізді.

Салтанаты рәсімге ҚХА Төрағасының орынбасары Ни Любовь Августовна, Алматы қаласының ҚХА хатшылығының меңгерушісі Абдалиева Маргарита Әбубәкірқызы, республикалық және Алматы қаласындағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» БҰ, «Альтернатива» медиация және бітімгершілік орталығы, «Қоғамдық жоба» мекемесінің басшылары мен қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

  

Іс-шара қатысушыларына баспасөз хабарламасы, «Медиация туралы» ҚР Заңы таратылды, медиация кабинетінде кітаптар көрмесі ұйымдастырылып, медацияның негізгі қағидаларын ашатын плакаттар ілінді. Іс-шараны өткізудің алдында қатысушыларға кабинеттің алдында тұрған міндеттер, нормативтік-құқықтық база, медиация барысының әдіс-амалдары мен мән-мағынасын түсіндіретін кұжаттар бейне таспадан көрсетілді.

Салтанатты іс-шараны Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінің қызметін қамтамасыз ету қызметінің басшысы Г.О.Дүкенова ашты. Медиация кабинетінің келешектегі жұмысы жөнінде Ни Любовь Августовна, Абдалиева Маргарита Әбубәкірқызы сөз сөйледі. Сондай-ақ, «Альтенатива» медиация және бітімгершілік орталығының директоры А.В.Данилина, корей орталығы төрағасының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы Г.В.Кан, қазақ тілін үйрену әдістемелік кабинетінің басшысы А.А. Осман, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» БҰ директоры Ж.А. Жақыпов және тағы басқалар тілектерін білдірді. Олар үйлестіру органын құру және оның құқықтық негіздемесін жасау, келешектегі ортақ жобаларды дайындау туралы пікірлерін айтты.

  

Іс-шара туралы ақпарат, қатысушылардың берген сұхбаттары «Қазақстан», «Алматы» телеарналарынан көрсетілді.

Кейін қарай