Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Қазан, 2017

1517

«Медиация мектептегі татуласу құралы ретінде»

Достық үйінің конференц-залында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Батыс Қазақстан облысы білім беру басқармасы арасындағы ынтымақтастық туралы қол қойылған  меморандум шеңберінде «Медиация мектептегі татуластыру құралы» атты оқыту семинары өтті.

Кездесуге БҚО ҚХА төрағасының орынбасары - Ғайса Хамедоллаұлы Қапақов, Орал қаласындағы оқу орындарының өкілдері, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар, кәмелетке  толмағандардың істері жөніндегі сотының өкілі және тағы басқалары қатысты.

Өзінің кіріспе сөзінде Ғайса Хамедоллаұлы кикілжің жағдайларды шешу құралы ретінде медиацияны барлық қызмет салаларына енгізу қажет екендігін, әсіресе мектептер медиацияға мұқтаж екендігін айтты. Мектеп үшін медиация оқушылардың арасындағы кикілжіңді алдын алу және мінез-құлықтарын түзету үшін ғана емес, сонымен қатар қазіргі заманғы білім беру кеңістігінде толеранттылықты қалыптастыру үшін қажет. Мектеп медиациясын қолдану арқылы мектепте толерантты қарым-қатынасты құрудың жаңа моделі жалпы ел үшін өте өзекті мәселе болып табылады.

Содан соң, «Мектепте медиация институтын қолдану» тақырыбына БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ кәсіби медиаторы – Мира Амангелдіқызы Пруденцано, «Кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі сотта дауды медиация жолымен реттеу тәжірибесі» тақырыбына БҚО кәмелетке толмағандар ісі бойынша ауданаралық соттың өкілі Руслан Рысқалиұлы Демеуов, ҚазУИТС құқықтық қатынастар интитутының директоры, кәсіби медиатор Бақыт Кенесарықызы Чингаева өз баяндамаларын оқыды.

Соңынан тараптардың пікір сайыстар болып, қала мектептерінің өкілдері аталған мәселеге қызығушылық танытты және мектептерде медиация кабинеттерін ашу мәселесін қолдады.

Дата события ассамблеи: 26.10.2017

Кейін қарай