12 Сәуір, 2016
980
Медиация семинары
Бүгін Алматы қаласы «Заря Востока» мөлтекауданындағы №151 жалпы білім беретін орта мектепте Республикалық Достық үйі медиация кабинеті мен Республикалық «Қазақстан дұнғандары бірлестігінің» ұйымдастыруымен «Мектептегі дау-жанжалдарды шешу әдістері» тақырыбында медиация семинары өтті.
Семинарға Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының өкілдері, қалалық «Қоғамдық келісім» ККМ қызметкерлері, «Қоғамдық келісім» РММ Достық үйінің медиация кабинеті, қалалық денсаулық сақтау мекемесінің өкілі, діни басқарма өкілдері, мектеп инспекторы, этномәдени бірлестіктің өкілдері, мектеп ұстаздары және ата-аналар қатысты. Семинарда модераторлық қызметті ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің ғылыми-сараптамалық қолдау және әдістемелік қамтамасыз ету қызметінің халықаралық ынтымақтастық және медиация секторының аға сарапшысы Н.А.Альтекова мен мектеп директоры А.О. Ошақбаев атқарды.
Семинар қатысушыларға медиация технологиясы туралы ақпарат, талас-тартысты реттеудің жаңа тәсілдері таныстырылды. Сондай-ақ, мектептегі талас-тартыс пен дау-жанжалдарды реттеуде медиацияны қолдану жолдары айтылды.
Семинар барысында ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің ғылыми-сараптамалық қолдау және әдістемелік қамтамасыз ету қызметінің халықаралық ынтымақтастық және медиация секторының аға сарапшысы Альтекова Н.А. «Медиация процесінің мазмұны, мәні, тәсілдері», кәсіби медиатор Заманбекова А.О. «Дау-жанжалды бейбіт жолмен шешудегі мектеп медиациясының моделі», заңгер Кенесариев Е. «Қазіргі қоғамдағы ерте некені анықтау, проблемаларына сараптама жасау», Алматы орталық мешітінің найб-имамы Иминов Н.З «Ерте некенің дау-жанжалдары: некенің жағдайы, дау-жанжалды шешу жолдары», дәрігер-гинеколог Шоқыбаева М.У. «Жасөспірімдер арасындағы жүктілік пен ерте жаста ана болудың проблемалары» тақырыбына баяндамалар жасап, семинарға қатысушылар арасында қызу талқы жасалды.
Семинар соңында ата-аналар алғыстарын білдіріп, өз балалары оқитын мектептерде де медиация кабинеті жұмыс жасағанын қаласа, орталық мешіттің найб-имамы Н.З. Иминов имамдар арасында да осындай семинар ұйымдастыру туралы ұсыныс жасады.
Ұқсас жаңалықтар
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды
-
Қостанай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің мүшелері 2024 жылғы жұмысын қорытындылады
-
Этномедиация саласындағы өңіраралық тәжірибе алмасу: бірлік пен келісімді нығайту
-
ҚХА АЛМАТЫДА МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЕКІКҮНДІК СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
-
ҚХА «Елдесу және татуласу» жобасы аясында медиация семинар-тренингтер өтті
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
вчера, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
вчера, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды