Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Қараша, 2017

885

«Медиация -таңдау құқығы!» тақырыбындағы семинар

2017 жылғы 15 қарашада Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында «Медиация - таңдау құқығы!» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараның мақсаты медиацияны дамыту және оның жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы рөлін түсіндіру болып табылады.

Семинар Еуразиялық заң академиясының тәрбие ісі жөніндегі ректоры – Ілиясова Бақытгүл Қуанышқызының құттықтау сөзімен басталды. Сонымен қатар сөз сөйлегендер: Батталханов Болысбек Заманбекұлы – «Қоғамдық пәндер мен Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, профессор, Әлтекова Нұрсәуле Абдіқадырқызы – ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің Медиация кабинетінің меңгерушісі, Қабдыл Анаргүл Қабдылқызы - Орталық Азия университетiнің профессоры, филология ғылымдарының докторы, Войнце Абубакир Вайсарыевич – республикалық дүнген орталығының төрағасы, кәсіби медиатор, Уралбаев Абдухалил Абдураимович – өзбек мәдени орталығы төрағасының орынбасары, медиатор.

«Профессиональные медиаторы» қоғамдық бірлестігінің директоры Родионова Ирина Трофимовна «Медиация -таңдау құқығы!» тақырыбында баяндама жасады.

Ұйымдастырушылар: Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің Медиация кабинеті, «Профессиональные медиаторы» ҚБ, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ.

Дата события ассамблеи: 17.11.2017

Кейін қарай