16 Қыркүйек, 2016
869
Медиацияны қолдану тәсілдеріне арналған семинар
Алматыда, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдени университеті мен университет жанынан ашылған «кстремизимнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта дайындау институты» базасында оқытушылар мен доктаранттарға, еліміздің әр аймағынан келген имамдарға ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің республикалық-әдістемелік медиация кабинеті, ҚХА Алматы қалалық хатшылығы жанынан құрылған Қоғамдық келісім кеңесі мен Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Діни ахуалдың тұрақсыз жағдайында диалог алаңдарын ұйымдастыру және медиацияны қолдану тәсілдері» тақырыбындағы семинар ұйымдастырылды. Семинардың басты мақсаты медиация институтының дамуындағы ҚХА-ның рөлін көрсету, сондай-ақ түсініспеушіліктен туындайтын мәселелерге дер кезінде араласу, олардың алдын алу осы мақсатында диалог алаңдарын ұйымдастыру.
Семинарды Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Жуда Басюни кіріспе сөз сөйлеп ашып, елімізде медиация туралы заңның қабылдануына, медиацияның дамуына, өркениет көшіне батыл бет түзеген коғамдағы оң өзгерістерге кеңінен тоқталды.
Семинарда жетекші сарапшы Н.Альтекова модераторлық етті. Жалпы діни ахуал туралы, мамандар дайындау ісі туралы «Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының» директоры, PhD доктор Қайрат Құрманбаев баяндады.
Жүргізілген іс-шарадан түйгеніміз: семинарға қатысушылардың қоғамдағы татулық пен бірлікті сақтауғаатсалысуға дайын екендіктері; медиация саласының қыр-сырларын үйренуге деген ынтасының зор екендіктері. Қатысушылар Еркін пікір алмасуларда өз белсенділіктерін танытты. Семинар соңында университет кітапханасына ҚХА сериасымен шыққан кітаптар сыйға тартылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
«Жас ұрпақты еңбекке баулудағы Адал азамат концепциясы» тақырыбындағы онлайн республикалық семинар
-
Қарағандыда ҚХА 30 жылдығына арналған «Ақсақалдар тағылымы – адал қоғамның кепілі» салтанатты іс-шарасы өтті
-
ҚХА 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады