Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Желтоқсан, 2016

720

Медиацияның қолдану туралы аймақтық семинар

2016 жылғы 5 желтоқсанда Алматы қаласындағы ресупбликалық Достық үйінде медиацияның қолдану барысы туралы аймақтық семинар өтті.  

Іс-шара ұйымдастырушылары республикалық әдістемелік медиация кабинеті және Алматы облыстық «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығындағы» медиация кабинеті.

Семинардың мақсаты - Қазақстан халқы Ассамблеясында медиация институтының дамыту.  

Іс-шара барысында ұйымдастырушылар этномәдени бірлестік өкілдерімен «Медиация рәсімдері және даулар мен келіспеушілікті реттеудегі этномәдени орталықтардағы медиатордың рөлі» тақырыбында өткен семинарды Жақыпов Жәнділдә Ажіғалиұлы жүргізді. Іс-шараға қатысқан Алматы қаласының  кәсіби емес медиаторлары мен  этномәдени орталықтардың  өкілдері медиатордың атқаратын қызметтері туралы толық ақпаратқа ие болды.

Семинар соңында барлық қатысушылар арнайы сертификаттармен марапатталды.

Кейін қарай