19 Қаңтар, 2016
596
Мемлекеттік хатшысы стипендияларды табыс етті
2016 жылғы 18 қаңтарда Алматыдағы Республикалық Достық үйінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлеріне 2015 жыл үшін президенттік және мемлекеттік стипендияларды табыс етті.
Стипендиялар жасампаз еңбектерімен Қазақстан мәдениетін байытып, сақтау мен дамытуға үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік наградаларына ие болған шығармашылық адамдары мен мәдениет қызметкерлерін, сондай-ақ дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын тапсырылып тұрады.
Отандық мәдениетті дамытуға қосқан елеулі еңбектері үшін әдебиет пен өнер саласының 100 қайраткеріне материалдық қолдау көрсетілді. Стипендиаттардың ішінде О.Сүлейменов, М.Жолдасбеков, С.Досанов, Е.Хасанғалиев, Б.Төлегенова, В.Толоконников, А.Әшімов, Ю.Померанцев, Ш.Мұртаза, Ә.Тарази, А.Молодов сияқты атақты тұлғалар бар. Солармен бірге Ж.Мақажанова, С.Мәдиев, Ә.Ахметов, К.Омаров, Е.Рысқали сияқты жас дарындардың еңбектері де бағаланып отыр.
Стипендиаттардың қатарында Қазақстан халқы Ассамблеясының елімізге танымал Н. Лушникова, С. Елубаев, Ә. Ахметов сияқты өкілдері бар.
Қазақстан халқы Ассамблеясы шығармашылық еңбектері лайықты бағасын алған степендиаттарды шын жүректен құттықтайды. Әрдайым ел алдында жүретін зиялы қауым өкілдерінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізілетін мерейтойлық іс-шараларға да белсене қатысатынына сенім мол.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ВЕЛОСИПЕДШІ ХУРСАНД ШЕРОВ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЫ МӘНШҮК МӘМЕТОВАНЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ
-
ҚХА өкілдері Алматы қ. Медеу ауданының әлеуметтік қолдау орталығына барып қайтты
-
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорымен кездесу өткізді
-
«Бейбітшілік пен келісім үшін бірге жеңіске жеттік» тақырыбында халықаралық стратегиялық сессия өтті
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды