Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Маусым, 2017

1974

Мемлекеттік рәміздерді білу бойынша викторина

Көп ұлтты отанымыз – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілік пен абырой сезімін тәрбиелеу, елімізге және мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау туралы түсінікті дамыту мақсатында  Петропавл құрылыс-экономикалық колледжіндегі Бейбітшілік пен келісім орталығында ҚР мемлекеттік рәміздеріне арналған іс-шара өтті.

Кез келген елдің мемлекеттік рәміздеріне ең алдымен, мемлекеттік елтаңба, ту және әнұран жатады. Біздің отанымызда да солай. Құрылған мемлекеттің ең алғашқы қадамының бірі – өз елтаңбасы, туы және әнұранына ие болуы. Себебі олар елдің саяси тәуелсіздігі мен егемендігінің символдары болып табылады.         

Заманауи Қазақстанның шежіресі 1991 жылғы 16 желтоқсаннан басталады. Бұл күні Қазақстан өзін Тәуелсіз егеменді мемлекет деп жариялады. Тәуелсіздігін алған Қазақстан өз тарихында жаңа кезеңге бет бұрды: нығайып, даму саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. 

Іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранын орындаудан және бейнеролик көруден басталды. Студенттерге мемлекеттік рәміздерді білу бойынша викторина ұйымдастырылды. Ойын барысында ұйымдастырушылар ту элементтерінің мәні, елтаңбаның геральдикасы жөнінде және басқа да сауалдар қойды. Қатысушылар дұрыс жауап бере отыра, ұпайларға ие болды. Викторина қызықты өтті, студенттер белсенді қатысып, өз білімдерін тексерді. Ойын соңында Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жастар қанатының төрайымы      Сағыныш Бектемірова жастар қанатының қызметі, өткізілген және жоспарланған іс-шаралар жайында айтып өтті:

- Бүгінгі таңда жастар – мемлекеттің мақсаттары мен міндеттерін алға басуға арналған қозғаушы күш. Біздің балалар облыстық ассамблеяның өміріне белсене қатысады, өз жобаларын іске асырып, облыстың дамуына өз үлестерін қосуда. Бүгінгі күні жастар үшін жаңа перспективаларға жол ашық, өздерін таныту үшін барлық мүмкіндіктер берілген. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Қазақстан Республикасы Президентінің бағдарламалық мақаласы тұрғысынан түсінгеніміз, жас өскелең ұрпақ қазақстандық патриотизм бағытында тәрбиелене отыра, өзінің кең байтақ және шағын отанын сүйіп, көп ұлтты елімізді құрметтеу керек. 

Іс-шара қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен викторинаға қатысушылар грамоталар алды.

 

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ҚММ

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай