
01 Ақпан, 2016
1025
«Мемлекеттік тіл - біртектілік негізі»
2016 жылдың 29 қаңтары күні Қазқастан халқы Ассамблеясы ғимаратында Ақтөбе облысы ҚХА хатшылығы, «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ «Қоғамдық келісім» КММ-і, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл - біртектілік негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Ғылыми іс-шараны ұйымдастырудың мақсаты «5 институттық реформа, 100 нақты қадам» - Ұлт жоспарындағы ұлт бірлігін нығайту саясатын, қазақстандықтардың азаматтық біртектілігі мен біртұтастығын нығайтудағы мемлекеттік тілдің рөлі мен қызметін кеңінен зерделеу болып табылады.
Іс-шараға Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының қызметкерлері, этномәдени бірлестіктер өкілдері, тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы кеңестер мүшелері, ғалымдар, БАҚ өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелдің модераторы Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ж.М. Нұршин жиынды кіріспе сөзбен ашып, негізгі баяндамашыларға сөз берді. Күн тәртібінде белгіленген тақырып бойынша Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Сәрсембин Үмбетхан Қуандықұлы, осы университеттің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының кандидаты Д.А. Мацюк баяндамалар жасады.
Жиында тарих ғылымдарының докторы, профессор Нұртаза Абдоллаев мемлекеттік тіл саясаты жайлы деректер келтіре отырып, мазмұнды да тағылымды сөз қозғады.
Сонымен қатар мемлекеттік тіл саясатын қолдау мәселесі жайлы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Ақтөбе облыстық ұйымының төрағасының орынбасары Ж.Қабақбаев пен Ақтөбе қаласындағы Қазақ-түрік лицейінің оқушысы Айбар Мекин Джан өз пікірлерін ортаға салды.
«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ
«Қоғамдық келісім» КММ-і
баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Ақмолада ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Алматы қ. республикалық Достық үйінде «Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы: Ана мен бала бақыты – қоғамдық тұрақтылықтың негізі» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті
-
Шымкент қаласында Ахыска түріктерінің 80 жылдығы атап өтілді
-
Ассамблея «Qazaq Cybersport»-қа қазақ тілінде комментаторларды дайындауға қолдау көрсетеді
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Ақмолада ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Алматы қ. республикалық Достық үйінде «Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы: Ана мен бала бақыты – қоғамдық тұрақтылықтың негізі» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті
-
Шымкент қаласында Ахыска түріктерінің 80 жылдығы атап өтілді
-
Ассамблея «Qazaq Cybersport»-қа қазақ тілінде комментаторларды дайындауға қолдау көрсетеді