22 Қыркүйек, 2015
1237
Мемлекеттік тіл – менің тілім
2015 жылғы 22 қыркүйекте Алматы қаласындағы Достық үйінде Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мекемесімен бірлесе отырып, Тіл мерекесіне орай «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты салтанатты іс-шара өткізді. Жиынды Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, академик Өмірзақ Айтбайұлы жүргізді.

Шараның негізгі мақсаты: еліміздегі және шет елдердегі қазақ тілінің қазіргі жай-күйі мен өзекті мәселелерін қарастыру, оны шешудің нақты жолдарын ұсыну, осы бағытта еліміздің барша азаматтары мен түрлі ұйымдарының шығармашылық әлеуетін ортақ мақсатқа жұмылдыру. Басқосуға Қазақстан халқы Ассамблеясысының мүшелері, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төралқа мүшелері, министрліктер мен қала әкімдігі өкілдері, еліміздегі ұлттық-мәдени бірлестіктердің жетекшілері, ғылыми зерттеу мекемелерінің басшылары, университет ректорлары, шетелдік және отандық ғалымдар, қоғам белсенділері, тіл жанашырлары, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
Осы жиын барысында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы жанынан «Мемлекеттік тілді дамыту алқасы» құрылып, оның құрамына елімізге белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар, тіл жанашырлары мен ұлттық-мәдени орталықтардың жетекшілері енгізілді. Сондай-ақ, қазақтар шоғырлана қоныстанған шет елдерде және бауырлас түркі мемлекеттерінің астаналарында «Қазақ тілін үйрету орталықтары желісін құру туралы» меморандум талқыланды. Аталған орталықтар желісі шет елдердегі қазақтардың ана тілдерінен ажырамауын, тарихи отанымен тұрақты байланысын қамтамасыз етпек. Шара аясында мемлекеттік тілді дамытуға арналған өнімдердің көрмесі ұйымдастырылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Ақмолада ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорымен кездесу өткізді
-
Шымкент қаласында Ахыска түріктерінің 80 жылдығы атап өтілді
вчера, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды