Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Шілде, 2015

860

Мемлекеттік қызметшілер «100 нақты қадам» жоспарын талқылады

Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Батыс Қазақстан аймақтық емлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы» МКҚК-ында мемлекеттік қызметкерлерден тұратын  тыңдаушылардың қатысуымен «Ұлт жоспары - Н. Назарбаевтың  5 институционалды реформасын іске асыру бойынша 100 нақты қадам» атты құжатты талдау бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді. 

Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Батыс Қазақстан аймақтық емлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы» МКҚК-ында мемлекеттік қызметкерлерден тұратын  тыңдаушылардың қатысуымен «Ұлт жоспары - Н. Назарбаевтың  5 институционалды реформасын іске асыру бойынша 100 нақты қадам» атты құжатты талдау бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді.

«Дөңгелек үстел» отырысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, тәртіптік кеңестің төрағасы - Нұрлан Сүйінбаев, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Батыс Қазақстанаймақтық       мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы» МКҚК-ның директоры Әкімгерей Серғалин, БҚО ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы - Жамал Ихсанова, БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы  - Александр Ажгалиевтар қатысты,

Кіріспе сөзінде Әкімгерей Серғалин «Ұлт жоспары - Н. Назарбаевтың  5 институционалды реформасын  іске асыру бойынша 100 нақты қадам» -сайлау кезінде Елбасымыздың елге берген тапсырмасы, 30 дамыған мемлекетке кіру стратегиясы болып табылатыны жөнінде айтып кетті.

- Бірінші 15 қадам – мемлекеттік қызметті реформалаудан басталуы ол заңдылық , сол 5 институционалды реформаны жүргізетін осы мемлекттік қызметшілер, - деді өз сөзінде Әкімгерей Серғалин.    

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, тәртіптік кеңестің төрағасы - Нұрлан Сүйінбаев осы 15 қадам туралы айтып әр қадам бойынша облыста  қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы айтып кетті.

БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы - Александр Ажгалиев Ассамблея жылы аясында өткізілетін шаралардың бәрі де «Мәңгілік ел» патриоттық акциясының шеңберінде өтетіні туралы айтты.

Қазіргі таңда облыс орталығында Достық үйінің салынып жатқанын, оның ішінде жексенбілік мектептер, би үйірмелері, конференц -залдар жұмыс істейтіні туралы тоқталып кетті.

Толқын Нұрқуатова

БҚО «Қоғамдық келісім» КММ –нің баспасөз қызметі

Кейін қарай