Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Қыркүйек, 2021

19

Менің Отаным – Менің Қазақстаным

21 қыркүйекте «Қоғамдық келісім» КММ ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Менің Отаным-менің Қазақстаным» атты сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің облыстық байқауы өтті.


Өз жұмыстарын көрсету үшін облыстық байқауға Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларынан және облыстың 11 ауданынан 25 қолөнер шебері, аудандық халық шығармашылығы байқауларының жеңімпаздары келді. Олардың арасында республикалық, халықаралық халықтық қолданбалы өнер байқауларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері де бар.


Байқауға қатысушылар қазақ халқының өмірінде ерекше орынға ие көшпелі өркениеттің салт-дәстүрлерімен тығыз байланысты өзіндік шығармашылықтарын ортаға салды. Шеберлер өздерін сәндік-қолданбалы өнердің барлық бағыттарында көрсете білді, былғарыдан, ағаштан, киізден жасалған жұмыстарды ұсынды. Бұл тігін, кесте тігу, тоқу, кілем тоқу, сурет салу, ағаш ою, табиғи материалдардан бұйымдар жасау істері.

Облыс әкімінің орынбасары А. Е. Мысырәлімова құттықтау сөз сөйлеп, «Менің Отаным – Менің Қазақстаным» жобасы көптеген жаңа есімдерді, жаңа шеберлерді және сәндік-қолданбалы өнердегі жаңа бағыттарды айқындағанын, біздің өңір тұрғындарының қаншалықты талантты екенін көрсеткенін, шеберлер мен қолөнершілердің кәсіби өсуі мен қарым-қатынасы үшін шығармашылық атмосфера құрғанын ерекше атап өтті.

Одан кейін құрамында ҚХАА Аналар кеңесі және шеберлер Одағының, этномәдени бірлестіктерінің өкілдері бар құзыретті қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарымен танысты.


Байқау қорытындысын шығару кезінде қазылар алғасының төрағасы, ҚХАА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ғ.Т. Төлеғұл ақмолалық қолөнершілердің жоғары дәрежелі шеберлігін, қазақ халқының тарихын, дәстүрі мен мәдениетін бейнелейтін көркемдік талғаммен орындалған, олар ұсынған жұмыстардың алуан түрлілігін атап өтті.

Шара соңында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы төрағасының орынбасары А. Е. Мысырәлімова облыстық байқаудың барлық қатысушыларына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.


«Менің Отаным - Менің Қазақстаным» облыстық сәндік-қолданбалы өнер шеберлері байқауының бас жүлдесіне Шортанды ауданының өкілі Кәрім Бектас ие болды, сәйкесінше бірінші, екінші және үшінші орындарды Қосшы қаласынан Бозымбай Асхат, Көкшетау қаласынан Смағұл Кенжебай және Ерейментау ауданынан Әлем Нахшир иеленді.

Кейін қарай