Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Ақпан, 2024

80

Тағдыр тоғыстырған туған Отанымыз!

Елімізде 1 наурыз - Алғыс айту күні биыл сегізінші жыл аталып өтілуде. Бұл мереке барлық қазақстандықтардың жүрегіндегі мейірім мен достық сезімін еселей түсті. Және де елімізде өзара сенім мен барлық қазақстандықтарға деген құрметті арттырды. Әсіресе, тағдырдың жазуымен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударылған түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісін көрсетті. Сол бір қиын-қыстау заманда қазақ халқы олардың басына түскен ауыртпалықты бірге көтере білді. Бұл бүгінгі таңдаеліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Осындай ғажап мереке арқылы әр ұлттың қайырымдылық дәстүрлеріжаңғырып, өзара әлеуметтік ынтымағы артады. Репрессия мен жер аударужылдарында қазақтың өзі де саяси жүйенің зардабын тарта отырып, соныңтармағына іліккен өзге ұлт өкілдеріне бауырмалдық танытты. Шексіз мейрімкөрсете отырып, қолда барымен бөлісті.

Қазақстандық патриотизмнің, достық пен бірлігіміздің тірегі, еліміздегіэтностарды біріктіріп, олардың дамуына мүмкіндік беріп отырған туғанОтаным Қазақстанды мақтаныш етемін. Осы елде туып-өсіп, өніп жатқан барша замандастарымды этносаралық достықтың жарқын үлгісін жалғастырып, біртұтас халқымыздың бірегей артықшылықтарын арттыруға шақырамын. Тәжік этносы және барлық өзге этнос өкілдері атынан қазақ халқының дархандығы мен кеңпейілі, қонақжайлылығына басымды иіп, алғыс айтамын!

Акбаржан Исмаилов,

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары

Кейін қарай