
10 Наурыз, 2016
1448
Менің отбасым –дауыс береді!
Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қоғамдық-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру бөлімі ҚР Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына бір ауыздан дауыс беруге шешім қабылдау мақсатында Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктердің жас отбасылары «Менің отбасым дауыс береді!» ұранымен облыстық фестивалін өткізді.
Мекеменің этномәдени бірлестік жастарымен жұмыс жүргізу жөніндегі әдіскері Д.Бурмакина және көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы К.Нарбатыров байқауға қатысушы балаларымен келген жас отбасыларын және жиналғандарды мерекелік безендірілген мәжіліс залында жылы сәлемдесіп қарсы алды. «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Р.Убайдуллаева байқауға қатысушылар алдында «Отбасы - бұл жай ғана бастапқы құралған ұяшық қана емес, біздің қоғамның негізгі іргетасы, тірегі, мемлекеттік жүйенің, тұтастай алғанда қоғамның, саяси-тұрақтылық, экономикалық өсімді қамтамасыз ететін белсенді өмірлік және азаматтық ұстаным», -деп сөз сөйледі.
Облыс Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің төрайымы М.Миражапова бастапқыда әзіл ретінде: «Аға буын өкілдері өздерінен кейінгі ұрпақтарына сенімді болуы мүмкін, сіздер бүгінгі «Қоғамдық келісім» үйіне 20 наурызда өтетін сайлауға байланысты үлкен көңіл-күймен келіп отырсыздар, сіздердің ауызбіршіліктеріңізді және ұйымшылдық пен белсенділіктеріңізді осы сайлау өтетін күні көрсетеді. Әрі қарай ол өз сөзінде: «Отбасы – ол мемлекеттің бір бөлшегі, әке – президент, ана – премьер-министр, сонымен бірге қаржы министрі, ал балалары отбасы мүшелері, халық. Мен сіздердің отбасыларыңызға, еңбектеріңізге, ыстық ықыласпен шын сүйіспеншілігімді білдіремін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерін кейінгі ұрпақ сүйіп өткенін қалаймын, - деді.
Іс-шарада отбасылардың сайлау күнгі қысқаша театрландырылған қойылымы және ең үздік отбасылық сайлау алды ұраны сарапқа түсті. Байқауға қазақ «Әулие ата» мәдени орталығынан Естемесовтар отбасы, «Шиват-Цион» еврей этномәдени бірлестігінен Айтуғановтар, Тортаевтар отбасылары, М.Қашари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі атынан Токтиевтер отбасы қатысты. Ду қол шапалақтаумен байқауға қатысушылар 3-сайыс бойынша өнерлерін көрсетті, көрермендер зор ықылас білдіріп, қошемет көрсетіп отырды. Қатысушылар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталып, естелік ретінде суретке түсті.
Ұқсас жаңалықтар
-
П.Кесоглу: «Президент марапаты – менің өнердегі қызметім үшін берілген баға»
-
Талдықорған қаласының Достық үйінде «Менің шежірем» атты облыстық байқауы өтті
-
Жамбыл облысында жастар тарихи орындарға саяхат жасады
-
Ақмола облыстық ҚХА «Көкшетау – менің туған өлкем» танымдық жобасын іске асыруда
-
Алматыда студенттер арасында қазақ тілінен байқау өтті
-
Яха апай: Ұлтым шешен болғанымен, өзімді қазақ санаймын. Өйткені қазақтар қашанда менің қасымда
Ұқсас жаңалықтар
-
П.Кесоглу: «Президент марапаты – менің өнердегі қызметім үшін берілген баға»
-
Талдықорған қаласының Достық үйінде «Менің шежірем» атты облыстық байқауы өтті
-
Жамбыл облысында жастар тарихи орындарға саяхат жасады
-
Ақмола облыстық ҚХА «Көкшетау – менің туған өлкем» танымдық жобасын іске асыруда
-
Алматыда студенттер арасында қазақ тілінен байқау өтті
-
Яха апай: Ұлтым шешен болғанымен, өзімді қазақ санаймын. Өйткені қазақтар қашанда менің қасымда