
27 Шілде, 2016
1271
Мереке кейіпкерлері – құрылысшылар әулеттері
Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы «Асқақ Астана» форумы еңбек ұжымдарында» атты іс-шараның бірінші бастамасын Тараз қалалық орталық стадионында өткізді. Аталған іс-шараның басты кейіпкерлері мен қатысушылары - «Жамбылхимстрой Инжиниринг» ЖШС-нің құрылысшылары.
Жамбылдықтардың аға буынына «Жамбылхимстрой» тресі жақсы таныс. Оның құрылысшылары мен білікті мамандарының арқасында фосфор индустриясының алыптары Жамбыл фосфор («Химпром» өндірістік бірлестігі) және Жаңажамбыл фосфор зауыты мен өңірдің он шақты өндірістік және мәдени-әлеуметтік нысандары салынған. Жыл өткен сайын еліміздің оңтүстік өңірлерінің ең ірі құрылыс мекемелерінің аты өзгергенімен, жоғары санатты құрылысшылар мен монтаждаушылары, басқа да кәсіп иелерінің атадан балаға беріліп келе жатқан мамандығы мен өз кәсібіне деген сүйіспеншілігінің арқасында жұмыстың сапасы артып келеді.
Жұмыс күні аяқталып келе жатқанда, іс-шараның ұйымдастырушылары, орталық стадионның құрылысында жұмыс істеп жатқан құрылысшыларды, жұмыстарын сәл де болса тоқтатып, трибуна төріне шығуға өтініш білдірді.
Бүгінгі мерекелік күннің кейіпкерлерін облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысының міндетін атқарушы Л.Лысова құттықтады. Л.Лысова өз сөзінде: «Бұл іс-шара Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтің жаңартылуы: Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына жиырма қадам» атты бағдарламалық мақаласымен жүктелген міндеттерді іске асыруға бағытталған. Себебі дәл осындай еңбекші әулеттер ұрпақтар сабақтастығын сақтауға, кәсіптерге мұрагер болудың отбасылық құндылықтарын қолдауға, өскелең ұрпақты еңбексүйгіштікке тәрбиелеуге, өз кәсіптерін мақтан тұтуға қолдау болады. Біздер бүгін осындай маман иелеріне өзіміздің құрметіміз бен ризашылығымызды білдеріміз», деп атап өтті.
Фияз Плиевтің отбасылық еңбек өтілі 140 жыл екен, ал оның өзі – осы әулеттің үлкені, бүгінгі күнде «Кереге» ЖШС-нің директорының жеке еңбек өтілі 52 жылды құрайды. 24 жыл әкесімен иық тіресіп жұмыс істеп келе жатқан ұлы Рамиз – бас механик. Жанында қайынағасы Ерман, оның да 25 жыл еңбек өтілі бар, жиені Радихан 19 жыл құрылыста еңбек етіп келе жатыр. Осы отбасының ең кішілері – немерелері Руслан мен Урзят та, бірі мастер қызметін атқарса, бірі материалдық есепші.
Аға прораб Бакир Юсуповтың отбасылық еңбек стажы 128 жыл, оны «Жамбылхимстрой Инжинирингтің» дәнекерлеуші, ағаш шеберлері мен бетоншылары құрайды.
Мерекелік іс-шара барысында этномәдени бірлестіктердің өкілдері ән мен жырдан, биден шашу шашты, «Қоғамдық келісім» КММ басшысының міндетін атқарушы Л.Лысова мен ассамблеяның қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты, «Жамбылхимстрой Инжиниринг» ЖШС-нің директоры Юрий Минаков өңірлік ассамблея атынан құрылысшыларға бағалы сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыстады.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
«Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесі өтті
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
ӘЙЕЛ-АНАЛАР ҚҰРМЕТІНЕ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
-
Мерекелік құттықтау
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
«Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесі өтті
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
ӘЙЕЛ-АНАЛАР ҚҰРМЕТІНЕ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
-
Мерекелік құттықтау